ӘлемБасты ақпаратБілімҒылым қорыҒылым тарихыДенсаулықЖаңалықтарЖасанды интеллектИнновацияТехнология

Жасанды интеллект эмоцияны адамнан артық түсіне ала ма?

Жасанды интеллект (ЖИ) эмоцияға толы жағдайларда дұрыс шешім қабылдай ала ма? Женева университеті (UNIGE) мен Берн университетінің (UniBE) зерттеушілері осы сұраққа жауап іздеп, ChatGPT және тағы бес генеративті жасанды интеллект моделін эмоционалдық интеллектке арналған тесттен өткізді. Бұл сынақтар бастапқыда адамдарға арналып жасалған. Нәтижесінде: ЖИ модельдері адамның орташа көрсеткішінен асып түсті. Олар тіпті қысқа уақыт ішінде жаңа тесттерді жасап шығуға қабілетті екенін көрсетті. Бұл жасанды интеллекттің білім беру, коучинг және жанжалдарды басқару салаларында жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Зерттеу Communications Psychology журналында жарияланды.

Эмоцияны танитын ЖИ

Үлкен тілдік модельдер (LLM) — бұл адамның табиғи тілін түсініп, өңдеп, жауап беріп, мәтін құрастыра алатын ЖИ жүйелері. ChatGPT — солардың бірі. Бірақ олар эмоцияға қатысты дұрыс шешім қабылдай ала ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін UNIGE мен UniBE зерттеушілері ChatGPT-4, ChatGPT-o1, Gemini 1.5 Flash, Copilot 365, Claude 3.5 Haiku және DeepSeek V3 сияқты алты LLM жүйесін бес түрлі эмоционалды интеллект тестінен өткізді.

«Бұл тесттер адамның эмоцияны түсіну, басқару және соған сай әрекет ету қабілетін өлшейді. Олар ғылыми зерттеулер мен компанияларда жиі қолданылады», — дейді UniBE оқытушысы, зерттеу авторы Катя Шлегель.

 

Мысалы, мынадай жағдай берілген: Майклдың әріптесі оның идеясын иемденіп, сол үшін марапат алып жатыр. Майкл не істеуі керек?

а) Әріптесімен дауласады
б) Басшысымен сөйлеседі
в) Ашуы ішінде қалады
г) Идеяны өзі де ұрлап алады
Дұрыс жауап — б). Бұл — эмоцияны басқара отырып, конструктивті әрекет ету.
Аталған тесттерге адамдар да қатысты. Бірақ ЖИ 82% дұрыс жауап берсе, адамдардың орташа нәтижесі — 56%. Бұл ЖИ жүйелерінің эмоцияны түсініп қана қоймай, эмоционалды ақылды мінез-құлықты да таңдай алатынын көрсетеді», — дейді UNIGE зерттеушісі Марчелло Мортильяро.

Жаңа тест құрастыру мүмкіндігі

Зерттеудің екінші кезеңінде зерттеушілер ChatGPT-4 моделінен жаңа эмоционалды интеллектке арналған сценарийлер жасап шығуды сұрады. Бұл автоматты түрде жасалған тесттер кейін 400-ден астам адамға өткізілді.

«Бұл жаңа тесттер бұрынғыдай нақты, түсінікті және өмірге жақын болып шықты. Алғашқы тесттерді жасауға бірнеше жыл кетсе, ЖИ мұны бір сәтте орындады», — дейді Катя Шлегель.

Оның айтуынша, ЖИ тек дұрыс жауапты таңдап қоймай, нақты мақсатқа сай жаңа ситуацияларды да құрастыра алады. «Бұл — эмоция туралы білімге ие және оны логикалық тұрғыдан талдай алатын ЖИ бар деген сөз», — деп қосты Марчелло Мортильяро.

Адамға тән салаларда ЖИ-ді қолдануға бола ма?
Зерттеу нәтижелері ЖИ-дің коучинг, білім беру, психологиялық қолдау және жанжалдарды басқару сияқты салаларда әлеуеті бар екенін көрсетті. Бірақ бұл құралдар міндетті түрде мамандардың бақылауында және жауапкершілікпен қолданылуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру