Басты ақпаратЖаңалықтар

SEOULTECH ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МЕКТЕБІН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің (SeoulTech) өкілдерімен, SeoulTech информатика және инженерия кафедрасының профессоры, Кванттық жасанды интеллект жаһандық қауіпсіздік орталығының директоры Джесу Киммен және Сонгон Ким жобалау орталығы директорының орынбасарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Сондай-ақ министр Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымында болып жатқан жаңа өзгерістер, дамудың негізгі басымдықтары мен ғылым және жоғары білім министрлігінің жоспарлары туралы баяндады.

Министр Саясат Нұрбек Үкіметтің жасанды интеллект мектебін іске қосу идеясын қолдайтынын атап өтіп, SeoulТech өкілдеріне Қазақстанда Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесі негізінде ақпараттық технологиялар саласын дамытуға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру