Басты ақпаратБілімЖаңалықтар

Маңғыстау облысында жүзеге асып жатқан «PROF.Mangystau» әлеуметтік жобасы аясында «4D-профориентация» бағдарламасының екінші модулі басталды. Бұл курс жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істейтін педагог-профориентологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Оқыту барысында қатысушылар еңбек нарығының жаңа талаптарына сай мамандық таңдаудағы заманауи тәсілдермен, психологиялық және практикалық құралдармен танысады. Бағдарлама blended learning форматында өткізіліп, теория мен практиканы ұштастырады.

Қазіргі білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру – оқушылардың жеке дамуы мен болашақ мамандық таңдауына бағыт берудің негізгі құралы. Prof MANGYSTAU  «4D-профориентация» 2 модульдік курсы, профориентологтарға арналған арнайы бағдарлама болды.Курс әр оқушының табиғи дарыны мен қабілетін анықтап, оларды кәсіби жолға тиімді бағыттауды көздеген.

Курс барысының маңыздылығы:

Курс барысында кәсіби бағдар беруші мамандарға мынандай мүмкіндіктер ұсынылды:

— Оқушылардың дара қабілеті мен қызығушылығын анықтау әдістерімен танысу;

— Жеке кәсіби жоспарларды құру және дамыту дағдыларын меңгеру;

— Қоғамдық өмірде қажетті құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыруға бағыт беру.

Құндылықтарды кіріктіру:

Шығармашылық пен өзін-өзі тану – оқушының қабілеттерін, дарындарын анықтау.
Жауапкершілік – жеке кәсіби таңдау мен шешімдерге жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Ынтымақтастық – топтық жобалар мен серіктестік дағдыларын дамыту.
Сыни тұрғыдан ойлау – таңдаған мамандыққа байланысты шешімдерін негіздей білу.
Қоғамдық пайда – кәсіби жолын таңдауда қоғамға үлес қосу қағидатын ұғындыру.

Шоқан Уәлиханов пен басқа да қазақ ойшылдарының пікіріне сәйкес, адамның табиғи дарыны мен қабілетіне сай мамандық таңдау – табысты өмірдің кепілі. «4D-профориентация» курсы осы принципті ұстана отырып, әр оқушының жеке потенциалын кәсіби тұрғыдан дамытуға бағытталған әдістемелерді ұсынды.  Prof MANGYSTAU «4D-профориентация» 2 модульдік курсы барысында,профориентологтарға оқушылардың табиғи дарындары мен қабілеттерін ескере отырып кәсіби жол таңдауға бағыт беруді жүйеледі. Курс оқушыларды жеке дамуға, шығармашылыққа, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғамға пайдалы маман болуға дайындайды. Табиғи дарын мен қабілетке сүйенген кәсіби жол – болашақ табыс пен өмірлік қанағатқа апаратын негізгі қадам болып табылатыны сөзсіз. Prof MANGYSTAU «4D-профориентация» жобасының маңыздылығы төрт  бағытпен көрсеткенді жөн санадым:

Кәсіби бағдар беру сапасын арттыру – «4D-профориентация» курсы оқушылар мен жас мамандардың қабілеті мен дарынын ескеріп, дұрыс кәсіби бағыт таңдауға көмектеседі.
Жеке қасиеттер мен талантты ашу – әр қатысушының табиғи дарындары мен қабілеттері бағаланып, кәсіби жолын нақты жоспарлау мүмкіндігі туады.
Инновациялық әдістемелерді қолдану – заманауи 4D-модульдік тәсіл арқылы теория мен практиканы үйлестіріп, нақты тәжірибелік дағдыларды дамытуға бағытталған.
Еңбек нарығына бейімделу – қатысушылардың кәсіби таңдау қабілеті мен өзін-өзі бағалауы артып, болашақ маман ретінде бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Жаркымбаева Турдыгул Кошербаевна

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру