Басты ақпаратБілімҒылым тарихыҒылыми мақалаларЖаңалықтарЖасанды интеллектИнновацияМүмкіндікТехнология

Қытай ғарышта жасанды интеллектке негізделген суперкомпьютерлік шоқжұлдыз сала бастады

Қытай ғарышта жасанды интеллектпен (ЖИ) жабдықталған суперкомпьютерлік спутниктер тізбегін құруды бастады. Цзюцюань ғарыш айлағынан Long March 2D зымыранымен ұшырылған алғашқы 12 спутник — болашақта 2800 аппараттан тұратын «ақылды» орбиталық жүйенің алғашқы легі.

Жобаны ADA Space компаниясы мен Zhejiang зертханасы жүзеге асыруда. Бұл шоқжұлдыз ғарышта деректерді тікелей өңдеуге арналған, яғни Жерге жеткізбей-ақ ақпаратты талдауға мүмкіндік береді. Жоба авторлары бұл бастаманы «үш дене мәселесі» деп аталатын физикалық есептің құрметіне атаған. Аталған есеп алғаш Исаак Ньютон тарапынан көтерілген және кейін Қытай жазушысы Лю Цысиннің атақты «Үш дене» ғылыми-фантастикалық трилогиясына арқау болған.

Zhejiang Lab директоры Ван Цзянь 21 мамырда Макаода өткен Beyond Expo конференциясында:

«Жасанды интеллект тек ноутбукта не смартфонда емес, енді ғарышта да жұмыс істейтін уақыт келді. Ғарыш — біздің болашақты қайта елестетуімізге мүмкіндік беретін жаңа шекара», — деді.

Жаңа буын спутниктер ғарыш вакуумының табиғи салқындату мүмкіндігін пайдаланып, деректерді үлкен жылдамдықпен өңдей алады. Қытай үкіметінің мәліметіне сай, бүкіл шоқжұлдыздың біріктірілген есептеу қуаты секундына 1000 петаоперацияға (1 квинтиллион операция) жетуі мүмкін. Салыстырар болсақ, қазіргі Microsoft AI Copilot+ ноутбуктері шамамен 40 TOPS (триллион операция/секунд) деңгейінде жұмыс істейді. Әрбір спутник 8 миллиард параметрі бар ЖИ-моделімен жабдықталған және 744 TOPS есептеу қуатына ие. Спутниктер бір-бірімен лазерлік байланыс арқылы ақпарат алмасады. Олардың бірі рентген поляризациясын өлшейтін құрылғымен жабдықталып, ғарыштағы гамма-жарылыстар сияқты құбылыстарды зерттеуге бағытталған.
Қазіргі спутниктердің көпшілігі Жерді бақылай отырып, GPS, ауа райын болжау, климат мониторингі мен байланыс қызметтерін атқарады. Алайда олар жинаған шикі деректерді Жерге тек шектеулі уақытта ғана жібере алады, себебі бұл процесс жерүсті станцияларымен байланысты талап етеді. Ал бұл жоба деректерді орбитада өңдеуге мүмкіндік береді, әрі энергияны күн батареяларынан алып, артық жылуды тікелей ғарышқа таратады. Мұндай тәсіл экологиялық тұрғыда әлдеқайда тиімді.
Жобаның бастамашылары халықаралық ұйымдарды бұл жобаға қатысуға шақырып отыр. Ван Цзяннің айтуынша, бұл массив арқылы өзге елдер де өз есептеу ресурстарын пайдалана алады. Айта кетейік, АҚШ пен Еуропа да ғарышта есептеу жүйелерін сынап көріп жатыр. Алайда Қытай алғаш болып мұндай технологияны толық ауқымда іске қосып отыр. Сонымен қатар Google-дың бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт те орбиталық деректер орталығын құру идеясын қолдап, АҚШ Конгресінде сөйлеген кезінде:

«Біз 10 гигаваттық деректер орталықтарын жоспарлап отырмыз. Бұл – энергетикалық дағдарыстың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді», – деген еді.

Оның айтуынша, 2027 жылға қарай деректер орталықтарына тағы 29 гигаватт, ал 2030 жылға дейін қосымша 67 гигаватт энергия қажет болады. «Бұндай ауқымды өндірістік өсімді мен өмірімде бұрын-соңды көрген емеспін», – деді Шмидт.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру