ӘлемБасты ақпаратГалактикаЖаңалықтарЖерМүмкіндік

Юпитердегі тосын полярлық шұғылалар ғалымдарды таңғалдырды

2023 жылдың желтоқсан айында NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыш телескопы (JWST) Юпитер планетасындағы полярлық шұғылалардан бұрын-соңды кездеспеген инфрақызыл жарық құбылыстарын тіркеді. Бұл зерттеу Юпитер атмосферасының жылу балансына қатысты жаңа сұрақтар тудырып отыр деп жариялады Nature Communications журналында.

JWST алғаш рет Юпитер атмосферасында H3+ молекуласының өмір сүру ұзақтығын нақты анықтады – шамамен 2,5 минут. Бұл молекула атмосферадан инфрақызыл сәулелер арқылы жылу таратады, бірақ оны жоғары жылдамдықпен қозғалатын электрондар тез жоя алады. Зерттеушілердің айтуынша, дәл осы H3+ динамикасы Юпитердің температуралық өзгерістерін түсінуге көмектесуі мүмкін.

Лестер университетінің ғалымы, зерттеу авторларының бірі Джонатан Николс былай дейді:

«Бұл нағыз тосынсый болды — телескоп жіберген деректер мені қатты таңғалдырды. Біз шұғылалардың баяу бәсеңдейтінін күттік, бірақ ол керісінше – бір секундтың ішінде жарқ етіп өзгеріп отырды».

Николс сонымен қатар Хаббл телескопымен қатар жүргізілген бақылаулардағы сәйкессіздіктерге былай деді:

«Уэбб тіркеген ең жарық инфрақызыл аймақтардың Хаббл түсірген ультракүлгін суреттерінде баламасы болмады. Бұл өте оғаш. Мұндай жарықтық деңгейіне жету үшін атмосфераға өте аз энергиялы бөлшектердің көп мөлшерде енуі керек – бұл бұрын мүмкін емес деп саналатын».

Ғалымдар алдағы уақытта NASA-ның Юпитер орбитасында жұмыс істеп тұрған «Юно» аппараты және JWST түсірген қосымша мәліметтер арқылы бұл құбылыстың табиғатын тереңірек зерттемек.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру