Жаңалықтар

Каспий теңізін зерттейтін ғылыми иниститут ашылмақ

Елімізде Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт ашылады. 

«Казагромелиоводхоз» РММ басшысының орынбасары Қайратқали Хайрулланың айтуынша, соңғы онжылдықта Каспий теңізінде елеулі өзгерістер байқалған. Теңізде су деңгейі төмендеген. Теңіз табанынан көмірсутекті шикізатты өндіруге байланысты антропогендік жүктеме артқан. Сондай-ақ теңізге түсетін төгінділерден ластаушы заттардың жоғары концентрациясы анықталып отыр. Заңсыз балық аулау, итбалықтар мен балықтардың қырылуы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді.

Мемлекет басшысы Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн екенін айтқан болатын.

Мамандардың пікірінше, институт қызметі бірнеше бағытты қамтымақ.

Біріншіден, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге назар аударылады. Екіншіден, су деңгейінің төмендеуі зерттеледі. Үшіншіден, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептері анықталады. Төртіншіден, Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қамтылады. Бесіншіден, теңіздің ихтиофаунасын зерттеу ұсынылып отыр. Алтыншыдан, Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауына тұрақты тексеру жүргізіледі. Жетіншіден, Каспий маңы мемлекеттеріндегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету көзделген.

Қазір ғылыми институттың концепциясы дайындалып жатыр. Институт бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасады. Ал Атырауда филиалын ашу көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру