Ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жандардың басын қосқан шараны Ұлттық ғылыми академия ұйымдастырған.
Тың жобаларды іске асырудағы озық тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін мұндай пікір алаңы аса маңызды, дейді дарынды жастар. Бүгінде медицина, химия, биотехнология мен ұлттық қауіпсіздік саласында, небір зерттеулер жүргізіліп, тың жобалар қолға алынған. Алайда барлығына бірдей инвестор тарту қиынға соғады.
Сарапшылардың пікірінше, бұған бизнес пен ғылым арасында тығыз байланыстың жоқтығы себеп. Ұлттық ғылым академиясы бұл мәселені шешу үшін мыңнан астам мықты ғалымның ішінен 700-ін іріктеп комиссия құрамына қосқан еді. Арасында ғылым қорының көмегімен жобасын өндіріске шығар-ғандары жетерлік.
«Қазіргі кезде мынау білім және ғылым қорынан коммерциаландырып, нәтиже шыққан жобалар бар. Бұл жобалар қазір іріктеліп бізде 27 қыркүйекте Fisrt Bussines and Science деген ивент болады. Яғни ол мүлдем жаңа форматта бизнес пен ғылымды байланыстыратын, көпір болатын үлкен ивент болады. ол жерде мықты инвесторлар шетелдік, мықты шетелдік бизнесмендер қатысып, ғалымдардың үздік жобалары қатысатын болады»,- ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының басқарма басшысы Қуантыр Әлиханов.