Жаңалықтар

Ел ғалымдары халықаралық су-энергетикалық консорциумын құруды ұсынады

Қазақстандық ғалымдар тездетіп халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру керектігін айтады, деп хабарлайды qazaqscience.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық ғалымдар тездетіп халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру керек, деп есептейді. Өкінішке орай, бірнеше жылдан бері бұл мәселе шешімін таппай келеді.

Елде өтіп жатқан Тәжікстанның мәдениет күндері аясында  екі елдің ғылыми қауымдастығы аталған жайтты бірге талқылады.

Басқосуда қос елдің ғалымдары азық-түлік, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экология тақырыбына қатысты ой бөлісті. Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық талаптарын әзірлеу қажеттігі де айтылды. Оған қоса,  биологиялық қауіпсіздік  мәселесі екі тарапты бірдей толғандырады.

Ұтатын жерлеріміз көп. Әрбір мемлекеттің ұтатынын, соны түсіндіріп айтуымыз керек. Үкіметтің мүшелеріне, келісіп жатқан мамандарға ол не үшін керек? Ол үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек? Су энергетикалық консорциумының негіздемесін жасасақ, менің өз ойым, келісімдерге жол ашылады. Соны тезірек жылжыту үшін дәлделдер, аргументтер керек. Сол аргументтерді ғылыми негіздеме сипатында әзірлесек деген ойдамыз, — дейді ҚР ҰҒА президентінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру