Фотосурет Акустикалық қоғамы сайтынан алынған
Альцгеймер ауруы әлем бойынша 50 миллионнан астам адам ауруға шалдыққан, бұл тек науқастарға ғана емес, олардың отбасы мүшелері мен жақындарына да ауыр салмақ түсіреді. Аурудың емі әлі табылмаған, ал оның баяу әрі прогрессивті сипаты оны анықтаудың жолын қиындатуда, деп мәлімдеді Дартмут университетінің зерттеушілері.
École de Technologie Supérieure және Дартмут университетінің зерттеушілері Альцгеймер ауруының ерте белгілерін анықтау үшін құлаққапқа орнатылған микрофондарды пайдалану арқылы зерттеу жүргізіп жатыр. Зерттеу авторы Мириам Бутрос осы жұмысын қараша айының 19-ында Акустикалық қоғамының 187-ші виртуалды кездесуінде таныстырады. Альцгеймер ауруына шалдыққан адамдар когнитивті функциялардың төмендеуімен қатар моторлық бақылаудың жоғалуын көрсетеді. Бұл бұзылыстың алғашқы белгілерінің бірі – көздің еріксіз қозғалыстары, яғни саккадалар. Науқастардағы бұл көз қозғалыстары жиі баяу, дәлдігі төмен немесе уақытында іске аспайды.
«Көздің қозғалыстары өте қызықты, себебі олар адам ағзасындағы ең жылдам әрі дәл қозғалыстардың бірі. Сондықтан олар жоғары моторлық шеберлік пен когнитивтік функцияларға тәуелді», – деді зерттеуші Ариан Шамей.
Саккадаларды анықтап, талдау үшін арнайы көзді қадағалайтын жабдық қажет, бірақ ол көп адамдарға қолжетімді емес. Осы мәселені шешу үшін Бутрос және оның әріптестері құлаққапқа орнатылған микрофондар сияқты кең таралған әрі қолайлы технологияны пайдалануды ұсынады.
«Біз есту құрылғысын пайдаланамыз. Ол құлаққапқа орнатылған микрофондары бар құрылғы, ол денеден шығатын физиологиялық сигналдарды қабылдайды. Біздің мақсатымыз – денсаулықты бақылау алгоритмдерін жасап, оларды ұзақ мерзімді бақылау мен ауруларды ерте анықтау үшін қолдану», – деді Бутрос.
Көздің қозғалыстары, оның ішінде саккадалар, құлақтың барабан жарғағын тербелтіп, оны сезімтал микрофондар арқылы анықтауға болады. Олардың мақсаты – саккадаларға сәйкес келетін сигналдарды анықтап, дені сау адамдар мен неврологиялық бұзылыстарға, соның ішінде Альцгеймер ауруына байланысты сигналдарды ажырату. Ғалымдар болашақта олардың зерттеулері инвазивті емес, Альцгеймер ауруын және басқа да неврологиялық ауруларды үздіксіз бақылауға қабілетті құрылғылардың пайда болуына әкеледі деп үміттенеді. «Қазіргі жоба Альцгеймер ауруын ұзақ мерзімді бақылауға бағытталғанымен, біз болашақта басқа да аурулармен күресуді және оларды құлақтан алынған сигналдар арқылы анықтауды мақсат етеміз», – деді Шамей.