Космостық кеменің Еуропаның мұзды беті үстінде ұшып бара жатқан иллюстрациясы. (Фотосурет NASA/JPL-Caltech)
Алдағы уақытта NASA-ның Europa Clipper аппараты Юпитердің серігі — Еуропаны зерттеу үшін ұзақ сапарға аттанады. Мұзды аймақта бөгде тіршілік иелері өмір сүру мүмкіндігі бар, деп хабарлайды NASA Livescience сайтына хабарламасында.
Europa Clipper деп аталатын ғарыштық аппарат Еуропаны зерттеп, бөгде тіршілік иелерінің тіршілік көзін, орынын табуға тырысады. Сапарға 10 қазанда аттану керек еді. Бірақ Милтон дауылының жақындауына байланысты уақытша кейінге қалдырылды. Europa Clipper — бұл NASA жасаған планеталарды зерттейтін ең үлкен ғарыш аппараты. Күн панельдері ашылған кезде, оның ені баскетбол алаңымен бірдей. Оның салмағы шамамен 6000 килограмм — бұл үлкен африкалық пілдің салмағымен тең.
Жерден тыс тіршілікті көзін іздеу
Жерден тыс тіршілікті іздеу әдетте Марсқа бағыталатын. Марс — Күн жүйесінің «қоныстануға жарамды аймағында» орналасқан, бірақ онда атмосфераның жоқтығы және жоғары радиация деңгейі тіршілік үшін қолайсыз. Алайда ол Жерге жақын болғандықтан, зерттеу миссияларын жіберу салыстырмалы түрде жеңіл. Сонымен қатар Күн жүйесінде өмір сүруге қолайлы басқа да жерлер бар олар Юпитер мен Сатурнның серіктері. Неліктен десеңіз? Өйткені, олардың құрамында сұйық су бар.
Жерде су — тіршіліктің еріткіші. Ол тұздар мен қанттарды ерітіп, химиялық реакцияларды жеңілдетеді. Басқа әлемдерде тіршілік метан, көмірқышқыл газы немесе басқа да заттарға негізделген болуы мүмкін, бірақ біз білетін өмір суда пайда болады. Күн жүйесінде сұйық су неге соншалықты алыс? Себебі Юпитер мен Сатурн сияқты газ гиганттары өз серіктеріне күшті гравитациялық әсер етеді. Сатурнның серіктері — Титан мен Энцелад, планетаның айналасындағы гравитациялық күшке байланысты созылып, қысылып тұрады. Бұл қозғалыс олардың бетінде мұз қабатымен жабылған үлкен жерасты мұхиттарының пайда болуына әкеледі. Кейбір шлейфтер 9600 километрге дейін көтеріліп, су буларын шығарады. Еуропаның да осындай болуы мүмкін деген үлкен күмән бар. Төрт ғасырдан астам бақылау жүргізілгеніне қарамастан, Еуропаның астында Титан мен Энцелад сияқты сұйық мұхит бар-жоғын нақты растамадық. Дегенмен Еуропаның беті тегіс, су мұзды жанартаулардан төгіліп, жер бетіне шығуы мүмкін. Сондай-ақ Еуропаның магнит өрісі бар, бұл оның ішінде сұйық қабат бар екенін көрсетеді.
Europa Clipper не істейді?
Еуропаның беті Юпитерден таралатын жоғары деңгейдегі ғарыштық радиацияның әсеріне ұшырайды. Бірақ қалың мұз қабаты тіршілікті қорғап, оның астында сұйық мұхитта өмір сүруі мүмкін. Europa Clipper Еуропаның үстінен ұшып өтіп, мұз қабығының астындағы өмірге қолайлы аймақтарды іздейді. Ол үшін ғарыш кемесінде тоғыз ғылыми құрал бар. Олардың бірі — геологиялық белсенділікті зерттейтін кең бұрышты камера, ал термальды бейнелеу жүйесі бетінің құрылымын өлшеп, жылу аймақтарын анықтайды. Спектрометр газдар мен Еуропаның бетінің химиялық құрамын және мүмкін болатын су шлейфтерін зерттейді. Басқа құралдар мұхиттың тереңдігі мен тұздылығын және мұз қабығының қалыңдығын өлшейді. Бұған қоса Еуропаның Юпитердің гравитациялық күшіне қалай әсер ететінін анықтайды. Масс-спектрометр Еуропаның атмосферасындағы газдарды және су шлейфтерін зерттейді. Шлейфтерден шыққан материалды зерттеу арқылы Еуропаның астындағы мұхиттың құпияларын білуге болады. Шаң анализаторы кішкентай метеориттердің немесе шлейфтерден лақтырылатын заттарды зерттейді.
«Өкінішке орай, нақты жаңалықтарды күтуге уақыт қажет болады. Europa Clipper-ге Юпитерге жетіп, зерттеу үшін бес жылдай уақыт керек. Миссияның басты мақсаты — өмір сүруге қолайлы жағдайларды іздеу, бірақ тіршіліктің өзін емес. Егер өмірге нұсқайтын дәлелдер табылса, болашақ миссиялар мұз астын тереңірек зерттеуге оралуы керек болады. Сондықтан шыдамды болуымыз қажет. Бірақ бұл адамзаттың Жерден тыс тіршілікті табуға тағы бір қадам жақындай түскенінің керемет мүмкіндігі» деп хабарлады NASA.
Назым МАЛИККЫЗЫ