Жаңа зерттеу нәтижелері кофе мен кофеинді орташа мөлшерде тұтыну бірнеше кардиометаболикалық синдромның даму қаупін төмендетуге көмектесетінін дәлелдеді. Сондай-ақ кофе мен кофеинді тұрақты түрде тұтыну 2 типті диабет, жүректің ишемиялық ауруын және инсульт сияқты аурулардан қорғай алатынын анықтады. Бұған қоса ол кардиометаболикалық мультизаболеушілік (КМ) қаупінің төмендеуімен күреседі. (КМ — екі кардиометаболикалық аурудың бірге болуы.) Бұдан бөлек зерттеу барысында КМ-мен ауыратын адамдардың санының артуы жаһандық деңгейде қоғамның денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып отырғанын атап өтті профессор, клиникалық эндокринология және метаболизм журналында.
Зерттеу британдық биобанкте жүргізілді, мұнда 500,000-нан астам адам қатысқан. Зерттеушілер кофеинді 100 мг-нан аз немесе мүлдем тұтынбаған адамдармен салыстырғанда, орташа мөлшерде кофе немесе кофеин тұтынушылардың ауру қаупінің төмендегенін анықтады.
Күніне үш кесе кофе немесе 200-300 мг кофеин тұтыну, кардиометаболикалық мультизаболуын (КМ) дамыту қаупін төмендетуге көмектесетінін көрсетті. Жоба жетекші авторы Чаофу Ке, Сучжоу медициналық колледжінің эпидемиология және биостатистика кафедрасының профессоры, «Кардиометаболикалық аурулары жоқ адамдарда орташа мөлшерде кофе мен кофеин тұтыну, КМ ауруларының даму қаупін 48,1% және 40,7% төмендетеді», – деді. Ғалымдар орташа мөлшерде кофе мен кофеинді тұтынудың денсаулыққа оң әсері тигізетіндігін, профилактикалық шара ретінде дені сау адамдар қалыпты мөлшерде кофе мен кофеин тұтынуды насихаттау маңызды екендігін атап өтті.
Зерттеуді жүргізген ғалымдардың қатарында Сюцзя Лу, Гочэн Ли, Луин Ву, Липин Шао, Юлун Фань және Чэнь-Вэй Пан бар. Зерттеу Қытайдың Ұлттық табиғи ғылымдар қоры және гериатриялық аурулар мен иммунологияның негізгі зертханасы тарапынан қаржыландырылды.
Назым МАЛИККЫЗЫ