Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері марапатталды!

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын беру бойынша іс-шаралар кешені аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 🎉

Аталған жоба — жастардың креативті ойы мен бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама. Оның басты мақсаты — белсенді, ізденімпаз және шығармашыл жастарды қолдау арқылы қоғамда жаңа серпін қалыптастыру.

💡 Биылғы жылы грантқа 100-ге жуық өтінім түсіп, комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша — ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және еріктілік салаларында 13 үздік жоба иегері анықталды.

💰 Жалпы грант қоры — 13 000 000 теңгені құрады.

2025 жылғы 24 қазан күні өткен марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталып, ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 🎶

Іс-шараға Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және студент жастар қатысты.

👏 Биылғы грант иегерлері:

Бизнес бағыты бойынша:

Тәңірбергенова Ақмарал Асылханқызы
Рамазанов Мәди Нұржанұлы

Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша:

Елиубаев Қанат Өмірбайұлы
Жұпан Әсел

Ғылым бағыты бойынша:

Алмас Мадияр Алмасұлы
Уразбеков Амиржан Абдымуратович

Еріктілік бағыты бойынша:

Даутов Азат Мұратұлы
Бейсенбаева Сания Асетовна

Медиа бағыты бойынша:

Тілеубай Нұрболат Ералыұлы
Мейрамбек Мейірхан Нұрбекұлы

Мәдениет бағыты бойынша:

Меңдібай Талғат Амангелдіұлы
Өмірзақ Айгерім Әсілбекқызы
Сыздыкова–Битосси Анель Аскаровна

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟

Жастардың тың идеялары мен жобалары еліміздің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру