ӘлемБасты ақпаратБілімГенетикаҒылыми мақалаларДенсаулықЖүзден жүйрік...Мүмкіндік

Көру қабілетін қайтаратын жаңа жасушалар

Ғалымдар көздің торлы қабығында бұрын белгісіз болған ерекше жасушаларды ашты. Бұл жасушалардың ерекшелігі — олар көздің зақымдалған бөліктерін қалпына келтіре алады. Зерттеу барысында адам ұрығының торлы қабығынан екі түрлі стволдық жасуша анықталды: hNRSC (торлы қабық стволдық жасушалары) және RPE (пигментті эпителий стволдық жасушалары). Бұл жасушалардың ерекше қасиеті — олар өздерін көбейте алады және қажет болған жағдайда торлы қабықтың басқа жасушаларына айнала алады, деп хабарлады Harvard Medical School және University College London ғалымдары.
Тәжірибе барысында ғалымдар алдымен ұрық жасушаларын зерттеді, содан кейін зертханада адам көзінің 3D-моделін жасады. Ауру тышқандарға осы жасушаларды енгізгенде, олардың көру қабілеті 6 айға дейін жақсарғаны байқалды. Бұл ашылым келешекте сары дақ дистрофиясы, пигментті ретинит және жасыға байланысты көру төмендеуі сияқты ауруларды емдеуге мүмкіндік береді. Дегенмен әдісті адамдарға қолдану үшін әлі 5-7 жылға созылатын қосымша зерттеулер қажет.
Бұл жаңалық көру қабілетін жоғалтқан адамдар үшін үміт сәулесі болып отыр. Ғалымдардың алдағы жылдары жасушалық терапия әдістерін жетілдіру жоспарлары бар.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру