ӘлемБасты ақпаратБілімГенетикаҒылым тарихыҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарИнновацияМүмкіндік

Ozempic негізгі ингредиенті алкогольді тұтыну әдетін азайтуы мүмкін

Қазіргі таңда диабет пен артық салмақтан арылуға көмектесетін Ozempic препараты алкогольге деген тәуелділікті де төмендетуі мүмкін. Бұл туралы алғаш рет жүргізілген клиникалық зерттеудің нәтижелері көрсетіп отыр, деп хабарлады JAMA Psychiatry журналында.

Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, семаглутид деп аталатын белсенді зат проблемалық алкогольді тұтынуды емдеуде болашағы бар құрал болуы мүмкін. Бұл препарат Ozempic және Wegovy атауымен сатылады. Бұған дейін кейбір адамдар GLP-1 агонисттері деп аталатын осы топтағы препараттардың тек тәбетті ғана емес, сонымен қатар алкоголь мен темекіге деген тәуелділікті де төмендететінін байқаған. Бұл әсер тышқандар, егеуқұйрықтар және кейбір маймыл түрлерінде зерттеліп, дәлелденгенімен, адамдарға қатысты нақты ғылыми мәліметтер жеткіліксіз болды.
Жаңа зерттеуге алкогольді тұтыну бұзылысы бар 48 ересек адам қатысты. Олардың ешқайсысы бұл мәселеге байланысты арнайы ем қабылдамаған. АҚШ-та бұл бұзылыспен өмірінде кем дегенде бір рет халықтың шамамен 29%-ы бетпе-бет келеді. Зерттеу барысында қатысушылар кездейсоқ екі топқа бөлініп, біріне семаглутид, ал екіншісіне плацебо егілді.
Тәжірибенің басында және тоғыз апталық емдеу курсының соңында қатысушылар зертханаға шақырылып, өздерінің сүйікті алкогольді сусындарын тұтынды. Оң өзгерістер семаглутид қабылдаған топта байқалды. Семаглутид алған адамдар плацебо алғандарға қарағанда әлдеқайда аз ішкен. Зертханалық тест кезінде плацебо тобындағы қатысушылар орта есеппен 60 грамм алкоголь тұтынса, семаглутид алғандар екі есе аз – шамамен 30 грамм ішкен. Салыстырмалы түрде қарасақ, 12 унциялық (шамамен 355 мл) бір банка сырада 14 грамм алкоголь бар.
Сонымен қатар зерттеудің екінші жартысында семаглутид қабылдағандар алкоголь тұтыну күндері 30%-ға аз ішкенін хабарлады. Ал плацебо қабылдаған топта өзгеріс шамалы ғана болды. Бұл препарат адамдарды мүлдем ішуден бас тартуға мәжбүрлемесе де, тұтыну мөлшерін азайтуға көмектесуі мүмкін екенін көрсетеді. Кристиан Хендершоттың айтуынша, бұл нәтиже үміт береді, бірақ ғалымдар оған әлі де сақтықпен қарау керек дейді. GLP-1 агонисттерінің алкогольге және басқа да зиянды заттарға (темекі, опиоидтар) әсерін анықтау үшін ауқымды әрі ұзақ мерзімді зерттеулер қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру