ӘлемБасты ақпаратБілімГенетикаҒылым тарихыҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарМүмкіндік

Ұйықтататын дәрінің әсері: оған мидың күтпеген реакциясы

Ұйқысыздық бүгінде көп адамның проблемасына айналды. АҚШ-тағы ересектердің үштен бірі жеткілікті ұйықтамай, ал жасөспірімдердің 80%-ы ұйқыдан айырылып жүр. Бұл жағдай денсаулығымызға ғана емес, психологиялық күйімізге де теріс әсер етеді. Ұйқының жетіспеушілігі иммундық жүйеге, гормондарға, жүрек-қан тамырларына және басқа да ағза жүйелеріне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатарбұйқының миға әсері де зор: жадымыз, шығармашылық қабілетіміз және оқу дағдымыз ұйқыға байланысты, деп хабарлайды Sciences news.

Ұйқының денсаулығымыз үшін маңызы зор болғанымен, оның нақты қызметі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Ғалымдар ұйқының көптеген түрлі теорияларын ұсынады. Біреулер оны естеліктерді сұрыптау және өңдеу процесі деп санайды, басқалары сүйектердің өсуі үшін қажет тыныштық кезеңі ретінде қарастырады. Дегенмен ұйқының тағы бір маңызды функциясы — мидың «тазартылуы» яғни, күндізгі жиналған зиянды қалдықтардан арылу.

Золпидем және мидың тазарту жүйесі

Золпидем, яғни, Амбиен — ұйқысыздықпен күресу үшін кеңінен қолданылатын дәрі. Алайда оның әсері тек ұйқыға ғана емес, мидың тазарту процесіне де ықпал етеді. Ғалымдар жұлын сұйықтығының толқындары мидың ішінде өтетінін және осы толқындардың зиянды ақуыздарды, мысалы, Альцгеймер ауруына әкелетін заттарды тазартатынын анықтаған.
Рочестер университетінің нейробиологы Майкен Недергаард бұл процессті түнде жұмыс істейтін ыдыс жуғыш машинаға теңейді. Оның айтуынша, бұл маңызды, бірақ көбінесе еленбей келген функция. Зерттеулер бойынша, золпидем қабылдаған тышқандар терең әрі жылдам ұйықтаса да, олардың ми тазарту процесі табиғи ұйқыға қарағанда әлсіз болды. Бұл нәтижелер адамның миында да осындай өзгерістер болуы мүмкін екенін білдіреді.

Ұйықтататын дәрі: Көмек пе, қауіп пе?

Золпидем ГАМК нейротрансмиттерін белсендіреді, бұл мидың тынышталуына әкеліп, ұйқыға жібереді. Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Роберт Стикголд бұл дәріні «миға балғамен соғу» деп сипаттайды. Яғни, бұл дәрі ұйқысыздықтың себебін анықтамастан, миды «өшіруге» мәжбүрлейді. Алайда ұзақ уақыт бойы снотворлық дәрілерді қолдану мидың табиғи тазарту функциясына теріс әсер етуі мүмкін. Майкен Недергаард бұл жағдайды зерттей отырып, болашақта адамдарға ұйқыға көмектесетін, бірақ мидың тазарту процессін сақтайтын дәрілерді жасау қажеттілігін алға тартады.

Ұйқының жаңа мүмкіндіктері мен қауіптері

Ғалымдар ұйқының мүмкіндіктерін зерттеуде тек ұйықтауды жақсарту ғана емес, оның аясын кеңейтуді де көздейді. Мысалы, зерттеушілер ұйқы кезінде адамды нақты бір заттар туралы армандауға, музыкалық аспапта ойнау дағдысын дамытуға немесе жаңа тіл үйренуге үйрету жолдарын іздеуде. Дегенмен бұл әдістердің де теріс әсері болуы мүмкін. Стикголдтың пікірінше, егер біз ұйқыдағы миды бір нәрсеге бағыттасақ, басқа маңызды процестерді әлсіретіп алуымыз мүмкін. Ғылым әлі де ұйқының барлық жұмбақтарын шешкен жоқ. Болашақта ұйқының біздің денсаулығымыз бен психологиямызға қалай әсер ететінін түсінетін жаңалықтар болуы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру