Ақыл патшалығыБасты ақпаратЖаңалықтарИнновация

Зерттеу нәтижелері: «Орта қандай тілде болса, адамдар соған бейімделеді»

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРЫП ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСУ, БҰЛ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ/ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік тілде сөйлеу, оның ішінде өзге этнос өкілдерінің арасындағы қазақ тілін білу деңгейі жайында Қарағанды облысының тіл мамандарымен онлайн фокус-топ «Til Qazyna Qaraqandy» жобасы аясында жүргізілді. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданысын өзге этностар арасында қолданылу деңгейін және мәселелерін анықтау. Биыл Қарағанды облысында «BasQaru» қоғамдық қоры мен «Шабыт» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жаңа онлайн форматта жүзеге асырып ұйымастырды.

Төменде берілген мәліметтер облыстың этникалық құрамына және урбанизация деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар Қарағанды облысы индустриалды аймақ болғандықтан, қала тұрғындары арасында қазақ тілін меңгеру деңгейі сәл төменірек, ал ауылдық жерлерде қазақ тілінде сөйлейтін адамдар басым.

Қазіргі уақытта Қарағанды обылысында нақты ақпарат берілмеген алайда, шамамен 75-80% облыс тұрғындары қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгерген деп айтуға болады. Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге сәйкес келеді.

Қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлт өкілдерінің пайызы:

  • Қарағанды облысында басқа ұлт өкілдерінің шамамен 20-25% қазақ тілін меңгерген.
  • Орыс ұлты өкілдерінің шамамен 15-20% қазақ тілін біледі.
  • Украин ұлты өкілдерінің шамамен 10-15% қазақ тілінде сөйлейді.
  • Немістер және басқа еуропалық этностар шамамен 10-15% қазақ тілін меңгерген.
  • Ұйғырлар, татарлар және басқа азиялық этностар: Бұл топтардың қазақ тілін меңгеруі жоғарырақ, шамамен 50-70% аралығында.

Зерттеу барысында Қарағанды облысының тіл саласының мамандарының айтуынша, мемлекеттік тілді өзге этностарға үйрету жұмыстары мемлекеттік тіл саясатына сәйкес атқарылып жатыр.

«Өзге этнос өкілдері қазақ тілін білу керек, үйрену керек, бірақ ең бастысы өзімізден бастау керек деп ойлаймын. Мысалы, дүкенге барсақ, өзге ұлт тұрса біз автоматты түрде орысша сөйлеп кетеміз. Бұл қанымызға сіңіп, әдет болып кеткен. Сұраныс болу керек. Мысалы, бір тауарды шығару үшін сұраныс болу керек, сұраныс болмаса тауар шықпайды. Сұранысты көбейту керек. Осы практиканы өз өмірімде қолданып жүрмін. Дүкенге кірсем де, біреумен қазақша амандасып, қазақша қоштасамын. Жұмыс ғимаратында 2-3 өзге елдің мекемелері орналасқан. Алғашқы жұмыс кезімде қазақша амандасқанда маған біртүрлі қараушы еді. Ешкім жауап бермеуші еді. Уақыт өтіп менімен орысша амандасып, сөйлейтін болды. Тағы уақыт өтіп, менен аударманы сұрай бастады, «қазақша қалай болады?». Қазір аудармаларды біледі. Осылай сұраныс артса, олардың да қызығушылығы артады. Шындықты айтсақ, көп қазақтар орысша сөйлейді ғой. Өзіміздің арамызда, әріптестер арамызда орысша сөйлеп кететіндігіміз шындық. Өзіміз басқа тілде сөйлеп тұрсақ, өзге ұлт өкілдері қалай қазақ тілінде сөйлейді деген сұрақ. Өзімізден бастау керек. Қайда барсақ қазақша сөйлеуіміз керек. «Сен міндеттісің» деген қатты талап қоймау қажет. Дөрекі сөйлемеу керек. Дүкенге барып, амандасып, нан бар ма деп сөйлегеннің өзінде сатушы бір сөз үйренсе де бұл біз үшін жетістік. Орта қандай тілде болады, соған адамдар бейімделеді», — дейді мамандар.

«Осы орайда қазақ тілін үйренгісі келетін өзге этнос өкілдеріне арнайы қосымшалар бар. Мәселен, сөйлеу кз ет, бай институт порталы, тіл құрал, бұл барлығы заманауи түрде жасалынған. Осындай қосымшалар қызығушылықты арттырады. Оларсыз қызығушылық арттыра алмайсыз. Қазір ақпарат кеңістік заманы. Жай кітаппен қызығушылық оятпайсың, қосымшалар арқылы үйретуге болады. Қазақша контент сапасын арттыру керек. Қазір әлеуметтік желілердің заманы. Қинап, міндеттісін демеу керек, өзімізден бастау керек. Кейін өзге ұлттың қызығушылығы артады», — деді сөз соңында Қарағанды облысының тіл мамандары.

Бұл ретте айта кететін жайт өзге этнос өкілдері қазақ тілінде сөйлеп жатырса, оған қатты таңқалудың қажеті жоқ. Сонымен қатар «Сен қазақша білесің ба? Тағы сөйлеші» деп екпін берумеуіңіз керек.  Қазақстанда тұрып қазақ тілінде сөйлесу, бұл қалыпты жағдай болуы керек.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру