Тараптар елордада бас қосып, тиісті келісімге қол қойды. Шетелдік мамандардың пайымдауынша, Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі негізгі криптохабқа айналуы мүмкін. Кездесуде цифрлық майнингке арналған жабдықтарды тиімді жаңарту мәселелері талқыланды.
CANAAN CONVEY — блокчейн-серверлерді өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі. Мұндай ынтымақтастық Қауымдастық мүшелеріне және лицензиясы бар басқа да майнерлерге электр энергетикасы секторында шығыстарды оңтайландыратын техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.