Жаңалықтар

Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейді – министр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтты,  деп хабарлайды qazaqscience.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, университеттер ғылыми кадрлардың қайнар көзіне айналуы тиіс.

“Қазір бізде ғылыми кадрлар жетіспейді. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 35 мың ғылыми қызметкерден айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің ендігі міндетіміз – жастарды ғылымға тарту”, – деді министр.

Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландырудың форматтары мен үлгілерін қайта қарау туралы да айтты.

“Біз ғылымға ақша жұмсаймыз. Ұлттық кеңестер арқылы гранттар ұйымдастырамыз. Бірақ негізгі сұрақ: осы ғылыми гранттардың барлығының нәтижесі қандай?

Бұл жердегі негізгі реформа бұл – біздің ғылымның барынша қолданбалы сипаты. Кез келген ғылыми-зерттеу нақты мәселені шешуі керек”, – деп түсіндірді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру