Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын — зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.
Мемлекет басшысы сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек екенін айтты.
Яғни егін шаруашылығында маңызды реформа жасау қажет. Ол үшін көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет.