Ақыл патшалығыЖаңалықтар

ЖАНАРМАЙДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

 

Алматылық ғалым Жәнібек Шәмелханов табиғи май көздерінен дизель отынын алатын жаңа қондырғы ойлап тапты. Өнертапқыш туындысы қалалы жердегі экологиялық мәселелерді шешуге септеседі.

Жаңа қондырғыдан қажетті отын алу үшін шикізат ретінде кез келген өсімдік майының қалдықтарын пайдалануға болады. Өнертапқыш алдағы уақытта қондырғының жұмыс істеуі үшін қажетті өсімдік майы қалдықтарын қаладағы қоғамдық тамақтандыру орталықтарынан алмақшы. Сондай-ақ, мақта майын да кең көлемде қолданып, жанармайдың құнын төмендетуге болады екен. Ж. Шәмелханов ойлап тапқан қондырғысы арқылы осы күнге дейін 20 тонна дизель отынын өндіріп шығарғанын мәлім болды.

Өзге минералды жанармайлармен салыстырғанда, дизель отынының жаңа түрінің жанғыштық қасиеті мен тиімділігі ғалымның назарын аударған. Оның үстіне, жанармайдың құрамында қоршаған ортаға залал келтіретін ауыр металл мен күкірт мүлде жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру