Аудио ПодкастАЭСӘлемБасты ақпаратБейне бағдарламаларБілімГалактикаҒажап-LiveҒалым мінберіҒылым қорыҒылым тарихыҒылыми мақалаларЖаңалықтарЖерЖүзден жүйрік...МүмкіндікТехнология

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КӨНЕ 3Д КАРТА ТАБЫЛДЫ

Фотосурет: Аделаида университетінің сайтынан алынған

Ғалымдар Париж бассейніндегі кварцитті құмтас мегакластарынан әлемдегі ең көне үш өлшемді карта болуы мүмкін деген нысанды анықтады. Бұл құмтас панасы 1980-жылдардан бері белгілі болған, өйткені мұнда палеолит дәуіріндегі екі жылқының және әйелдің жамбас пішінінің бейнелері ойып салынған. Енді ғалымдар мұнда қоршаған ландшафттың шағын бейнесі бар екенін анықтады, деп хабарлайды Аделаида университетінің сайты.

Доктор Тиридің 2017 жылғы алғашқы сапарынан кейін жүргізілген зерттеулер палеолит дәуіріндегі адамдардың құмтасқа әйел пішінін көрсету үшін өңдеу жүргізгенін және тас жарықтары арқылы су ағынының өтуіне жағдай жасағанын анықтаған. Жаңа зерттеулер шамамен 13 000 жыл бұрын палеолит адамдарымен қалыптастырылған құмтас панасының бөлігін зерттей отырып, ондағы су ағындары мен ландшафт ерекшеліктерінің бейнесін модельдегенін көрсетті.

«Біз анықтаған нәрсе қазіргі заманғы карта ұғымына сай келмейді. Мұнда қашықтық, бағыт немесе жол жүру уақыты көрсетілмеген. Бұл – жер бедері мен су ағындарының жоғарыдан төменге қарай ағуын, аңғарлардың түйісуін және көлдер мен батпақтардың пайда болуын бейнелейтін шағын үш өлшемді модель», – дейді доктор Милнс.

Фотосурет: Аделаида университетінің сайтынан алынған

Доктор Милнстің айтуынша, сол дәуірдегі адамдар үшін судың ағыны мен ландшафттың ерекшеліктерін тану қашықтық пен уақытты білуден әлдеқайда маңыздырақ болған. Доктор Тири өз зерттеулерінде Фонтенбло құмтасындағы шағын морфологиялық ерекшеліктерді талдап, олардың табиғи түрде қалыптаспағанын, ерте адамдардың араласуымен пайда болғанын анықтады.

«Палеолит дәуіріндегі адамдар жауын суының ағысын реттеу үшін құмтасты ерекше жолмен өңдеген. Бұл археологтар бұрын-соңды назар аудармаған құбылыс», – дейді Тири.

Ғалымдар осы ерекшеліктердің тек гидравликалық мағынамен ғана шектелмей, судың өмір мен табиғаттағы рөлін бейнелейтін мифологиялық терең мағынаға ие болуы мүмкін екенін атап өтті. Бұрын әлемдегі ең көне 3D карта ретінде қола дәуіріне тиесілі, шамамен 3000 жыл бұрын жасалған тас плита қарастырылған еді. Ол жергілікті өзен жүйелері мен кургандарды бейнелеген.
Доктор Милнс ғылымда археология, геология және геоморфология сияқты салалардың ынтымақтастығы өте маңызды екенін айтты. «Ғылыми жаңалықтардың көбі әртүрлі ғылымдардың қиылысқан тұстарында пайда болады. Біз зерттеу нысандарына қайта оралып, жаңа бақылаулар мен талқылаулар жүргізудің маңыздылығын түсіндік», – дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру