Басты ақпаратБілімҒылыми мақалаларЖүзден жүйрік...

Энтони Смиттің «Ұлттың этностық тамыры» еңбегі ғылыми ортада талқыланды

2025 жылғы 8 сәуір к Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі британдық ғалым Энтони Смиттің «Ұлттың этностық тамыры» атты еңбегінің қазақ тіліндегі саммариі талқыланды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жас ғалымдар клубының ұйымдастыруымен өтті.

Аталған басқосу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған еңбектердің бірі ретінде үлкен маңызға ие. Шара барысында ұлттың тарихи қалыптасуы, этностық бірегейлік, ұлттың символдары мен тарихи жады сынды мәселелер кеңінен талқыланды.

Шара ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Садвакасова А.К қатысуымен өтті. Сонымен қатар кеңес мүшелері мен әлеуметтік ғылымдар саласының зерттеушілері белсене қатысты.

Спикерлер қатарында:

• модератор: Отар Э.С. – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценті
• Накипбаева Ж.А. – PhD, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы
• Хамит А.Д. – PhD кандидаты, Astana International University аға оқытушысы
• Өтеғали Д.Б. – әлеуметтік ғылымдар магистрі
• Мұсабаева А.Б. – әлеуметтану магистрі
• Кемелбек Р.Қ. – ЕҰУ-дің 4 курс студенті

Спикерлер Смиттің теорияларын қазақстандық қоғамның этносаралық қатынастары, ұлттық бірегейлік пен интеграция үдерістеріне қатысты зерделеп, пікір алмасты. Қатысушылар кітаптың ғылыми, әрі практикалық маңызына тоқталып, болашақ зерттеулерге негіз бола алатынын атап өтті.

Шара офлайн форматпен қатар, Microsoft Teams платформасында онлайн түрде де ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытқан ғалымдар мен студенттер қатысуға мүмкіндік алды.

Энтони Смиттің бұл еңбегі — ұлттың тарихи негіздерін тереңнен түсінуге жол ашатын құнды ғылыми еңбек. Мұндай іс-шаралар қазақстандық ғылыми қауымдастық арасында ұлттану тақырыбын кеңінен талқылауға ықпал ететіні сөзсіз.

НАЗЫМ Маликкызы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру