Ақыл патшалығыБасты ақпаратБілімЖаңалықтарЖүзден жүйрік...ИнновацияМүмкіндік

Энтони Смиттің «Ұлттың этностық тамыры» еңбегінің саммариі талқыланады

2025 жылғы 8 сәуір күні сағат 17:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Энтони Смиттің «Ұлттың этностық тамыры» атты еңбегінің қазақ тіліндегі саммариін талқылауға арналған іс-шара өтеді. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған маңызды еңбектердің бірі ретінде ұйымдастырылып отыр.

Шараны ұйымдастырушылар:

  • ҚР Халық Ассамблеясы жанындағы Жас ғалымдар клубы
  •  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • ҚР ХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі

Қатысушылар қатарында:

• Садвакасова А.К. – ҚР ХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор

• Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері

Спикерлер:

• Отар Э.С. – PhD, әлеуметтану кафедрасының доценті

• Накипбаева Ж.А. – PhD, ҚСЗИ бас сарапшысы

• Хамит А.Д. – PhD кандидаты, Astana International University аға оқытушысы

• Өтеғали Д.Б. – әлеуметтік ғылымдар магистрі

• Мұсабаева А.Б. – әлеуметтану магистрі

• Кемелбек Р.Қ. – 4 курс студенті

Өтетін орны:

А. Янушкевич көшесі, 6, 201-аудитория

Уақыты: 2025 жылғы 8 сәуір, 17:00

Онлайн қатысу сілтемесі: https://teams.live.com/meet/9330777553010?p=SAwq0m8lBeGr5dyGen

Кітапта ұлттың шығу тегі, этностық бірегейлік, тарихи жады секілді ұғымдар терең талданады. Бұл талқылау ұлттану, әлеуметтану және тарих ғылымдарының тоғысында ой қозғауға себеп болады.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру