Аудио ПодкастӘлемБасты ақпаратБейне бағдарламаларБілімГалактикаҒалым мінберіҒылым қорыҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарЖерМүмкіндікТехнология

Жерден 32 есе үлкен ғаламшар

Ғалымдар ғарыш кеңістігін зерттеу барысында Құс жолынан 32 есе үлкен алып ғаламшарды тапты. Оны «Inkathazo» деп атады, бұл Оңтүстік Африканың isiXhosa және isiZulu тілдерінде «қиындық» деген мағынаны білдіреді. Мұндай атау таңдалуының себебі – зерттеушілер бұл ғаламшардың физикалық ерекшеліктерін түсіндіруде қиындықтарға тап болған, деп хабарлады Кейптаун университеті. 

Барлық ғаламшардың орталығында аса үлкен қара ойық бар екені белгілі. Бұл ғарыш нысандарының массасы Күннен миллиондаған, тіпті миллиардтаған есе ауыр болуы мүмкін. Кейбір ғаламшарды жұлдызаралық газ қара ойықтардың айналасында айналып, біртіндеп оның ішіне сіңеді. Бұл кезде күшті үйкеліс пен энергия бөлініп, жарықтың түрлі-түсті сәулелері бүкіл электромагниттік спектр бойынша таралады.  Кейбір қара ойықтар өз айналасынан миллиондаған жарық жылына созылатын плазмалық ағындарды ғарышқа атқылайды. Бұл плазма өте жоғары температурада болып, жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалады. Мұндай құбылыс радиоғаламшардың пайда болуына алып келеді.

Inkathazo-ның ашылуы

2020 жылға дейін ғалымдар тек 800-ге жуық алып радиоғаламшарды тіркеді. Бірақ заманауи радиотелескоптардың, соның ішінде Оңтүстік Африканың MeerKAT телескопының көмегімен соңғы бес жылда 11 000-нан астам алып анықталды.
MeerKAT телескопы жақында ашқан ең жаңа алып радиоғаламшары ерекше сипатқа ие. Оның плазмалық ағындары 3,3 миллион жарық жылы қашықтыққа созылып жатыр. Бұл Құс жолынан 32 есе үлкен деген сөз. Бұл жаңалық радиоғаламшарды зерттеуге тың мүмкіндік ашты. Ғалымдар бұл жаңалық қазіргі ғылыми модельдерге күмән келтіретінін және плазмалық физиканың көптеген күрделі аспектілері әлі толық зерттелмегенін айтады.
Inkathazo – қазіргі ғылымға жаңа сұрақтар тудырған нысан. Ғалымдар бұл алып радиоғаламшардың ерекше құрылымын зерттеуді жалғастырып, оның ғарыштағы орны мен даму ерекшеліктерін түсінуге тырысып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру