GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде:
— «педагогикалық ғылымдар»,
— «жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика»,
— «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»,
— «инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы»,
— «гуманитарлық ғылымдар»,
— «әлеуметтік ғылымдар»,
— «бизнес және басқару» бойынша магистратураға түсетіндер оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тестен және шет тілі бөліміне, оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тестен өз қалауымен босатылады.
КТ-ға тіркелу кезінде GRE сертификатының мәліметтерін енгізіп, жүктеу қажет.
Конвертация грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін өтініш берілгеннен кейін жүзеге асады.
GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде «Бизнес және басқару» бойынша магистратураға түсушілер КТ тапсырудан өз қалауымен босатылады.
GMAT иегерлері сертификатты грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін жоо-ның қабылдау комиссиясына тапсыру керек.