Қазіргі уақытта Козыбаев университетінің және Аризона университетінің ғалымдары ирригациялық технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үстінде. Бұл зерттеулер қазіргі таңда АҚШ гранттық жобасының аясында жүзеге асырылып отыр. Жоба «Қазақстанда азық-түлік дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын суарылатын судың микробиологиялық сапасын анықтау үшін техникалық құралдар» тақырыбын қамтиды.
Аризона университетінің вице-президенті Шейн Берджесстің Козыбаев университетіне жасаған сапары барысында, облыс әкімі Гауез Нурмухамбетовпен кездесіп, жоғары білім беру және аграрлық ғылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды. Аризона университетінің ауыл шаруашылығы, биологиялық ғылымдар және қоршаған орта колледжі микробиологиялық су сапасын басқару саласында 30 жылдық тәжірибеге ие, бұл азық-түлікпен байланысты аурулар қаупін азайтуға арналған шешімдерді әзірлеу бағытында қызмет атқарады. Үлкен мәселелердің бірі климаттың өзгеруіне байланысты аймақтың гидрологиялық режимдеріндегі жиі ауытқулар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін туындатып отыр.Қазақстан Республикасы – ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі және экспорттаушысы, жақында солтүстік бөліктегі орманды дала биомында ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жұмыстарын бастаған.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жұмыстары басталды. Жобалық топ суару суының сапасын бағалап, СҚО фермерлері үшін басшылық құжаттар мен сандық құралдар әзірлейді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі азық-түлік тектес патогендермен байланысты қауіптерді мониторингтеуге және қауіпсіз көкөністер мен жем-шөп алуға мүмкіндік береді.
Аризона университеті делегациясының сапары барысында үш өңірдің үш жоғары оқу орны ғалымдарының консорциумын құру туралы келісім жасалды. Зерттеулер су ресурстары, ирригация, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге бағытталады.
Қуанышова Аяжан Серікқызы
Фотосурет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі