Фотосурет Сан-Франциско сайтынан алынған
Көлік дөңгелектері мен ыдырайтын қоқыстар ауаны ластайтын микропластик бөлшектерін таратады. Бұл бөлшектер тыныс алу жолдары мен басқа да ауруларға себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Калифорния университетінің Сан-Францискодағы зерттеушілері.
3000-ға жуық зерттеудің нәтижесінде бұл микропластиктердің денсаулыққа елеулі зиян келтіретіні анықталды. Зияндардың қатарына ерлер мен әйелдердің бедеулігі, тоқ ішек қатерлі ісігі және өкпе қызметінің нашарлауы жатады. Сонымен қатар микропластиктер өкпеде созылмалы қабынуды тудырып, өкпе қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Ұсақ бөлшектер – үлкен мәселе
Микропластиктердің көлемі 5 миллиметрден аспайды, яғни күріш дәнінен де кіші, және олар қоршаған ортада өте кең таралған. Әлемде компаниялар жыл сайын шамамен 460 миллион тонна пластик өндіреді. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,1 миллиардқа жетеді деп болжануда. Ауаны ластайтын пластиктің негізгі көзі – көлік жүргізу. Машина дөңгелектерімен асфальтпен үйкелісі кезінде микропластик бөлшектері ауаға таралады. Бұл зерттеу микропластикке арналған алғашқы жүйелі шолу болып табылады. Бұл АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясы мақұлдаған.
Зерттеулердің көпшілігі жануарларға негізделген. Бірақ зерттеушілер бұл тұжырымдардың адамға да қатысты екенін айтады, себебі адамдар мен жануарлардың көптеген әсерлері ұқсас.
«Біз реттеуші органдар мен саяси көшбасшыларды микропластиктің, оның ішінде тоқ ішек пен өкпе қатерлі ісігінің денсаулыққа зияны туралы дәлелдерді қарастыруға шақырамыз», – деді зерттеудің жетекші авторы, доктор Николас Шартр.