Басты ақпаратҒылым қорыЖаңалықтарИнновацияТехнология

АСТАНАДА ӨСІМДІК МАЙЛАРЫН ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2024 жылдың тамыз айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары бизнес-сектормен бірігіп пайдаланылған өсімдік майын қайта өңдеудің және олардың негізінде жемшөп майларын алудың жаңа әдісін әзірледі.

Жоба Ғылым қорының питчтері (таныстырылымы) арқылы, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерінің алдында Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды.  Ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың (бұдан әрі – ҒҒТҚН коммерцияландыру) сәтті жобаларын іріктеу конкурсының қорытындысы бойынша қаржыландырылды.

Жобаның негізін қалаушылар: «Біз тек өңделген майларды ғана емес, сонымен қатар өсімдік майларының (қышқыл, кондицияға сай емес) басқа да түрлерін өңдеу, тазарту технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Тазарту үшін әлі де өнеркәсіпте кеңінен қолданыс таппаған Шанқанай кен орнының отандық цеолиттері пайдаланылды» — деп атап өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда күнбағыс майын тұтынушылардың саны артып келеді. Шамамен 3 айда ауыл тұрғыны орташа есеппен 3,7 литр май, ал қала тұрғыны 3,3 литр май жұмсайды. Бұл қалдықтар қайта өңдеуді қажет ететін қалдықтардың артуына түрткі болды.

Жоба 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (ҒҒТҚН) шеңберінде іске асырылады.

Айта кетелігі, Қазақстанда өсімдік майларын өңдеу кәсіпорындарының санының өсуіне әлеуметтік факторлар, атап айтқанда, халықтың денсаулығына деген қызығушылықтың артуы, экологиялық таза өнімдерге сұраныстың өсуі және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әсер етеді.

Мемлекеттік қолдау мен инновациялық технологиялардың енгізілуі, сондай-ақ экологиялық таза өнімдер өндірісінің артуы, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл кәсіпорындардың ашылуына және олардың санының өсуіне себеп болады.

Фотосуреттер: Қазақстан Республикасы ғылым мен жоғары білім министрлігі сайтынан алынды

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру