Ақыл патшалығыБасты ақпаратҒажап-LiveҒалым мінберіҒылым қорыЖаңалықтарИнновацияТехнология

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ-ҒАЛЫМДАР СУ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН БАТАРЕЯНЫ ОЙЛАП ТАПТЫ

Назарбаев университетінің ассистент профессоры Айшуақ Қонаровпен профессор Жұмабай Бакенов 2014 жылдан бастап осы жоба бойынша жұмыс жасап келеді. Нәтижесінде су негізіндегі батареясын жасап шығарды.

Өнертапқыштардың айтуынша, мұндай батареялар литий-ионды батариялардан айырмашылығы қауіпсіз әрі арзан. Ол жарылмайды да жанбайды, тіпті біреуінде ақаулық болса, сол ғана батерияны ауыстыра саласыз. |Ал литий-ионды батареялардың біреуінде ақаулық кетсе, барлық батареяларды ауыстыруға тура келеді. Сондай-ақ су батареялары ауқымды энергияны сақтауға қолайлы, тез зарядталады. 6-7 сағат қолданып, қуаты біткенде 1-2 сағатта қайта 100%-ға дейін қуаттай аласыз.  Негізгі қолданысы мыңдаған гектар аумақтағы жерлер, шалғайдағы елді мекен жылыту үшін таптырмас құрал. Қазіргі кезде бұл батареяның қазақстандық,  еуропалық, америкалық патенті бар. Яғни, белгілі бір мерзім ішінде пайдалану құқығын қамтамасыз ететін құжаты бар. Алайда су негізіндегі батарея әлі нарыққа шықпады, өндіріліп жатқан жоқ. Қазір зертханалық сынақтардан өткізіліп жатыр.

Фотосуреттер Qazaqstan tv телеарнасынан алынған

Ал құрамына келетін болсақ, батареяны жасау үшін катод ретінде литий-темір фосфаты, ал анод ретінде мырыш металлын қолданылады және негізгі компоненті су негізіндегі электролит. Екі материал да өндірісте кеңінен қолданылады, яғни олардың үлкен көлемдегі өндірісі еш қиындық туғызбайды.

Шынтуайтында «Қолданысқа нақты 5, 10 жылда шығады деп кесіп айту қиын. Себебі бұның бәрі қолдауға байланысты. Біздің бір кемшілігіміз, отандық өндірісті қатты дамыта алмадық. Шикізат ретінде сатамыз, сосын оны өнім ретінде қайта өзіміз сатып аламыз. Мысалы салыстырмалы түрде айтсақ, литий-ионды батереялардың шикізаттары өте көп, бірақ ол шикізат ретінде Қытайға кетеді, сосын қайта өзімізге батарея болып келеді.

Фотосуреттер Qazaqstan tv телеарнасынан алынған

«Бізге беріңіздер шикізатты бірге істейік, зерттейік» дегенде олардың айтатын жауабы — бізге беріп, оны қайта өңдіріс жасап, ұзақ уақыт алғаннан гөрі оларға шикізат ретінде сатқан ыңғайлы, ешқандай қиындық тудырмайды дейді», — деп су батереясының нарыққа шығарудағы қиындықтарын Айшуақ Қонаров Qazaqstan tv телеарнасын берген сұхбатында атап өтті.

Фотосуреттер qazaqstan tv телеарнасынан алынған

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру