Жаңалықтар

Ұстаздардың қателіктен өсу жолын көрсеткен FAIL CONFERENCE өтті

Білім беру саласында ерекше форматта өткен фэйл конференция  ұстаздар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Шараның басты ерекшелігі – педагогтардың өз кәсіби қателіктерін ашық талқылап, оларды жеке өсу мен дамуға айналдыруы.

Қателік – дамудың баспалдағы! Осы ұранды ұстанған конференция ұстаздарды сәтсіздіктерге жаңаша қарауға шақырды. USTART Academy және JUZ40 білім беру орталығы ұйымдастырған шара барысында мұғалімдер білім беру процесіндегі маңызды мәселелерді талқылап, өз тәжірибелерінен сабақ алудың жолдарын іздеді.

Жоба барысында қозғалған тақырыптар:

  • “Мұғалімді қаржыгер басқарғандағы қателіктер”
  • “Әрбір сабақ – өмірдің жаңа қыры”
  • “Олимпиадаға дайындықтағы қателіктерім”
  • “Эго – дұшпан” т.б.

Шара модераторы – 33 жылдық тәжірибесі бар педагог, ҚР білім беру ісінің үздігі Құралай Байтажикова. Сонымен қатар білім саласындағы үздік ұстаздар Алма Мырзаш, Асан Жолдас, Ырысбек Мәуліт, Гульжанар Енкебаева, Құралай Шаукилова, Нұрлан Иманғалиев өз тәжірибелерімен ашық әрі батыл түрде бөлісті.

Бұл шара ұстаздардың тек кәсіби дамуына емес, жеке мотивациясына да оң әсерін тигізді. Fail Conference – педагогикалық қоғамдастықтың тәжірибе алмасып, өз-өзін дамытуына арналған маңызды алаң ретінде танылды.

Жоба туралы «Өзіңнен тәжірибесі жоғары адамның қателігінен сабақ алу күшті емес пе?», «Әр қателік – үлкен мақсатқа бір қадам! Осы қателіктерді қайталамау үшін әрі қарай білім саласында жұмыс істеудеміз..» деген сынды пікірлер келді.

“Қателіктен үйренген адам ғана биікке жетеді!”

Толығырақ ақпарат:

@ustart.academy парақшасында

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру