Мен үшін ҚазҰУ-да докторант болу – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен қатар ғылымға деген шексіз қызығушылықты, өзімді кәсіби тұрғыда дамытуға деген үлкен құлшынысымды жүзеге асыратын маңызды кезең. Қазақ ұлттық университетінің докторантурасына қабылдану – менің ғылыми жолымдағы жаңа бір белес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше сәт болды. Бұл жолдың жауапкершілігі зор екендігін түсінемін, әрі ол менің болашақтағы ғылыми жетістіктерімнің алғашқы қадамдарына айналары сөзсіз.
ҚазҰУ мені өзінің кең ауқымды ғылыми базасымен, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы мен әртүрлі ғылыми бағыттардағы зерттеулермен таңғалдырды. Университеттің ғылыми потенциалы, соның ішінде әлемдік деңгейдегі зертханалар мен ғылыми орталықтар, менің зерттеу жұмысымның сапасын арттыруға және ғылыми ізденістерімді тереңдетуге көп мүмкіндік береді. Мұнда ғылымға деген көзқарас бірегей: бұл жерде тек білім алу ғана емес, ғылыми жаңалық ашу мен ізденістер жүргізу басты мақсат ретінде қарастырылады.
ҚазҰУ-дың докторантура бағдарламасы мені тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, практикалық тұрғыда да маңызды тәжірибеге баулуда. Мұнда өзімнің ғылыми жұмысыма қатысты көптеген конференциялар мен семинарлар өткізіліп, әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдерімен пікір алмасуға жағдай жасалған. Өз зерттеуіме қажетті жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар туралы мәлімет алып, оларды ғылыми жұмысымда қолдану мүмкіндігі мені одан әрі қызықтырады.
Қазақ ұлттық университетінің докторанты болу – бұл мен үшін тек жеке академиялық жетістіктерді ғана емес, еліміздің ғылымын дамытуға да үлес қосу мүмкіндігі. Университеттің білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктері мені мақтаныш сезіміне бөлейді. ҚазҰУ қабырғасындағы дәрістер мен ғылыми зерттеу жұмыстары мені жаңа биіктерге жетелеуде.
Мәди Баян, Филология факультетінің 1-курс докторанты,
Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент міндетін атқарушы,
Авакова Раушан Амирдинқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор