Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және “Адырна” ұлттық-этнографиялықбірлестігінің ұйымдасыруымен «Адам саудасының құрбандарына көмек» жобасы бойынша жалпы жұмыстар жүргізілді.
Атап айтсақ, «Адам саудасына» қатысты акция, жылжымалы мобильді консультация, пикник, семинар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әр жобаға арнайы психолог, нарколог, учаскелік полиция қызметкерлері қатысып, жастарға қажетті кеңестерін берді.
Адам саудалау мәселесіне назар аудара отырып, бұл құбылысты қоғамға және одан жапашеккендерге тигізетін әсерін түсіндіру арқылытүсіндірме бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтенадам саудасы — мәжбүрлі еңбек, қарыздық , құлдық, адамдарды күштеп пайдалану қылмыстықжантүршігерлік формалары екенін білді.