Ғылымның қай саласы болмасын оның пайда болу тарихы, мақсаты мен міндеті және маңызыбары сөзсіз. Болашаққа деген нық қадамның басты бөлшегі мамандықты дұрыс таңдай білуінде. Яғни, мектеп табалдырығын аттап, білімге ұмтылған жас балалардың бүгін де мектеппен қоштасып, өміржолын және болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ден қою керек. Жаһандану заманында саланың алуан түрлері бар. Алайда жаныңа жақынын таңдай білу маңызды. Өйткені мамандық сенің болшағың, жүрер жолың және үлкен өмірге жетелейтін үлгі десек артық емес.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Еліміздің ең көне және беделді жоғарғы оқу орындарының бірі. Оның оқу сапасы мен ғылыми қызметінің нәтижелерінен, сондай-ақ қоғамдық және мәдени ықпалынан тұрады. 1934 жылы негізі қаланған университет бүгінде ғылым мен білім саласында Қазақстанның жетекші оқу орны болып саналады. Университеттің әр түрлі мамандықтар бойынша сапалы білім беруі, ғалымдары мен зерттеушілерінің әлемдік деңгейі оның маңызды бөлігі болып табылады. Фараби университеті ғылым мен білім саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстары халықаралық деңгейде бағаланып, түрлі халықаралық конференцияларға қатысу арқылы университет өз беделін нығайтты.Сонымен қатар, тек білім берумен шектелмейді. Ол мәдени және әлеуметтік өмірде де маңызды рөл атқарады, түрлі студенттік жобалар, мәдени шаралар мен қоғамдық бастамалар арқылы университет өз атын қоғаммен жақындатуда.Университет әлемнің жетекші университеттерімен тығыз байланыс орнатқан, халықаралық студенттер мен оқытушыларды тарту арқылы университет халықаралық қауымдастықта да өз орнын нығайтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің имиджі оның академиялық деңгейі мен ғылыми жетістіктерімен ғана емес, сонымен қатар оның қоғамдық өмірге қосқан үлесімен де анықталады. Университеттің қазіргі және болашақтағы дамуы үшін қарқынды еңбек атқарылуда.
Утешова А. «Қазақ филологиясы» 1 курс докторы,
Утемгалиева Насихат Адайхановна,
PhD, доцент міндетін атқарушы
Авакова Раушан Амирдинқызы,филология ғылымдарының докторы, профессор