Жаңалықтар

Зерттеу — терең білімге жол ашады

 

ҚазҰУ – дың филология факультеті докторанттары «Ғылыми мақала жазудың әдістемесі» атты еркін форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ғылыми зерттеу дегеніміз – дерек жинау процесі, бұл процесс мәселені шешуге ықпал ететін білімге тікелей қатысты. Зерттеу терең білімге жол ашады. Ғылым жолына түскен студенттер үшін ғылыми мақала жаза білудің маңыздылылығы орасан. Сондықтан зерттеу жұмысын жазу кезінде ескерілетін негізгі мүмкіндіктер мен қадамдарға мән берілді.
Ғылыми мақала әзірлеудегі басты мәселе – тақырыпты анықтап, нақты мәселені таңдап, жүйелі бағытты айқындау. Дөңгелек үстелде ғылыми мақалалар түрлері, құрылымы, зерттеу процесінің кезеңдері, ғылыми сараптама әдістерінің негізгі басымдықтарына ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда студенттердің ғылыми мақала жазғанмен оны жариялауда көптеген кедергіге ұшырап жатқаны шындық. Сондықтан оны жазбастан бұрын жариялайтын журналдың талабын біліп алу керектігі айтылды. Ғылыми мақаланың құрылымы мен стилі әр журналда түрлі болып келеді. Жазылған мақаланы журнал ұсынған арнайы үлгімен тексеріп, осы нұсқаулардағы мақала мазмұнына арналған қосымша талаптарды ескеру қажеттілігі айқындалды.
Сонымен қатар мақаласы шыққан докторанттардың жұмысы талқыланып, жүйелі жазылған мақалалар үлгі ретінде көрсетілді.

Жылкелдиева Г., “Филология” факультетінің докторанты,

Утемгалиева Н.А., PhD, доцент м.а.,

Авакова Р.А., Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру