Жаңалықтар

Әлем таныған білім ордасы

90 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем университеттерінің халықаралық рейтингісі бойынша ТОП-200 жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Биыл қара шаңырақ 230-ыншы орыннан 163-орынға табан тіреді. Болашақта ғылыми әлеуеті жоғары оқу орны мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өйткені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – көптеген ғылымға қанат қаққан студенттерге, білімін әрі қарай шыңдайтын магистранттарға, ғылым саласын дамытатын докторанттарға аса зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы.

Университетте әр факультеттің өз саласының нағыз ғалымдары мен заманға сай шетелден білімін жетілдірген мамандар қызмет атқарады. Оқу ордасы ғылымды жоғары деңгейде дамыту үшін докторантура бағдарламасы бойынша студенттер санын арттыруда. Сондықтан жан-жақты академиялық бағдарламалар ұсынады.

Оқу ордасына арман арқалап келген әр студенттің бетін қақпай, белін буатын еліміздегі беделді университеттің беретін мүмкіндіктері өте көп. Сондай-ақ университет ең үлкен және ең бай кітапхананың бірін иемденеді. Кітап қоры өте бай, барлық ақпарат қолжетімді. Университет жанынан жұмыс істейтін «Қазақ университеті» баспа үйі де студенттерді оқулықпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысады.

Аталмыш университеттің докторанты ретінде айтарымыз, оқу ордасы үлкен ғылым жолындағы қадамдарыңа көмек беріп, демеп, қолдап, айқын бағдар беріп отырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

1-курс докторанты Сәбит Керімше Сәбитқызы

PhD, доцент м.а. Утемгалиева Насихат Адайхановна

Филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Раушан Амирдинқызы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру