Басты ақпаратЖаңалықтарЖүзден жүйрік...

Кімдер білім грантын жұмыс істеп өтейді, ал одан босатылғандар бар ма?

Кімдер білім грантын жұмыс істеп өтейді, ал одан босатылғандар бар ма
Ғылым және жоғары білім министрлігі қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс екенін түсіндірді.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген:

1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде түскен ауыл жастары;

2) Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша «Серпін» бағдарламасы бойынша түскен ауыл жастары;

3) Педагогикалық және медициналық мамандықтардың студенттері;

4) Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша білім алған докторанттар;

5) Философия докторлары бағдарламасы бойынша оқыған докторанттар;

6) Барлық басқа мамандықтар;

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес грантты жұмыспен өтеуден кімдер босатылды?

  • жүкті немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар;
  • 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • Егер бітірушінің жұбайы/зайыбы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос орын болмаса;
  • одан әрі грантқа резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түскен жағдайда;

Грантты жұмыспен өтеу бойынша қосымша сұрақтарды мына нөмірлерге хабарласып, қоюға болады: 8 (7172) 695-037, 695-047, 695-057, 695-056, 695-032.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру