Жаңалықтар

Әкелердің де жағдайы назардан тыс қалмау керек

Social project management орталығы әкенің отбасындағы рөлін нығайту мақсатында әртүрлі жұмыстар жүргізіп келеді. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Әке – асқар тау» жобасы аясында әке рөлін көтермелеуге арналған он бейнеролик түсірілді.

Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке балаға жолдас әрі сырлас болу керек. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.

Жоба менеджерлерінің бірі Бекзат Сағындықовтың айтуынша осы күні әкенің құқы назардан тыс қалып жүр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қоғамда қатты талқыланып, әйелдер мәселесі алға шығып кеткендіктен, медальдың екінші жағын ойлап жатқандар аз. Жоба аясында түсірілген бейнероликтер әкенің жанұядағы орнын насихаттауға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру