Басты ақпаратҒалым мінберіЖаңалықтарИнновация

АСТАНАДА CONNECTED-2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР

18 қазан Астана қаласында болашақ образын түсіну туралы CONNECTED-2024 халықаралық конференция өтіп жатыр. Айта кетелігі конференция 18 қазан ашық форматта, 19 қазан жабық форматта форматта өтеді. Шараға әлемнің 20-дан астам елінен 1500-ге жуық делегат қатысып жатыр.  Олардың қатарында футурологтар, философтар, инновациялар мен технологиялар саласындағы көшбасшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, дін қайраткерлері, әлемдегі жетекші EdTech-компаниялардың, халықаралық ұйымдардың, трансұлттық корпорациялардың және т.б. құрылтайшылары мен өкілдері бар.

Іс-шара аясында спикерлер тұрақты дамуға және қоршаған әлеммен үйлесімділікке ұмтылу жолын, сондай-ақ жеке және ұжымдық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын, біздің құндылықтарымыз бен болашақты құру үшін қандай қадамдар жасау керектігін жайында сөз қозғайды.

Серік Жүнісов Aitas foundation атқарушы директоры, CONNECTED-2024 идея авторларының бірі: Бұл конференцияға түрткі болған  «Құндылықтарға негізделген, жақсы дағдылары бар болашақта бақытты болатын ұрпақты қалай тәрбиелейміз? Болашақты біз қалай қазір нақты бағдарлай аламыз» деген сұрақ. Өйткені қазір өмір өте тез өзгеріп жатыр. Сондықтан бізге алдағы 5, 10, 20 жылды жоспарлау біз үшін өте маңызды болды. Сондықтан біз әлемнің түпкір-түкірінен мамандарды жинадық. Жалпы не жасасақ та, не жоспарласақ та болашақтан жоспарлау керек. Сол себепті де бүгінгі конференцияның басты тақырыбын «Болашақты бағдарлау» деп атадық. Біздің ойымызша, біз бір әлемнің оброзына келу керекпіз. Себебі әлем тоқырауда болған кезде, жалғыз ғана Қазақстан оңаша дара тұрақты ел бола алады ма? Бұл мүмкін емес. Ал бүкіл әлем тұрақты болса, Қазақстанда тұрақты болатыны анық. CONNECTED бұл жай ғана конференция емес. Бұл үлкен ғаламдық қозғалыс. Бүгін өтіп жатқан конференция бір ғана офлайн жиын, ол Орталық Азияда, Қазақстанда өтеді. Сонымен қатар CONNECTED жыл бойы әлемнің түпкір-түпкірінде БҰҰ секілді орындарда өз жұмысын жалғастыратын болады», дейді идея авторы.

Орталық Азияның ең үздік IT мұғалімі, Connected конференциясындағы Starup Battle төрешісі – Рүстем Ермеков. «Менің ойымша қазір кезінде жасанды интеллекттен дәріс алмаған мұғалімдерді оқытуға көп қаражат жұмсау миға сыйымсыз. Оның орнына ол қаражатты өскелең ұрпаққа құю керек деп ойлаймын. Егер олар қазір сол білімді алатын болса, оларда келешекте жақсы маман болып шығады. Түптеп келгенде олар келешек ұрпақты тәрбиелейтін, үйрететін ұстаз. Бұл ретте осы салада енді бағын сынап жатқан мамандарға айтарым, мәселден қашушы емес, оны шешуші тарапта болыңыз. Сондай-ақ менің ойымша қазір әр балада ұялы телефонның болуы қалыпты жағдайға айналғаны сынды, жасанды интеллект қолдануы да қалыпты жағдайға айналуы керек. Себебі бүгінде өзіміз барлығы өзгеріп жатыр деп шулап жүрміз, алайда сол өзгеріске неге балаларымызды дайындамасқа», дейді Рүстем.

Атап айтсақ жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Нидерланды, Испания, Италия, Польша, Хорватия, Болгария, Эстония, Финляндия, Грузия, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Индонезия, Израиль, Түркия, БАӘ, Оңтүстік Африка, Непал, Өзбекстаннан 70-тен астам халықаралық спикерлер қатысып, 18 панельдік сессия өтеді.

Осы орайда конференция жайында ойымен бөліскен Нұрлыхан Айдана былай дейді: «Бұл конференцияға болашақтағы білім, ғылым саласы жайында ақпарат алуға келдім. Не дегенімен әлемнің түпкір-түпкірінен келген ең мықты спикерлер, маңызды тақырыптар қозғалған. Қазір мені тек бір тақырып қызықтырды дей алмаймын. Себебі барлық тақырып өте қызықты, бір сессияға қатысып, бірден екіншісіне қарай асығып барудамын. Бүгін қозғалып жатқан тақырыптардың ішінде жасанды интеллект жайынды ерекше атап өткім келеді. Себебі ол қазірдің өзінде барлық салада, барлық жерде қолданылып жатыр. Сондай-ақ ол әр секунд, минут сайын дамып жатыр.  Тіпті біз оның жылдамдылығына ілесе алмай жатырмыз десек те болады. Ал енді оның болашағы қалай болатындығы мені қатты қызықтырады».

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру