ӘлемБасты ақпаратБілімҒылыми мақалаларДенсаулықЖаңалықтарМүмкіндік

АРНАЙЫ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТҮСТІ БАСҚАРУ

Фотосурет GETTY IMAGES PLUS-тан алынған

Егер ұйықтап жатқанда қалаған түсіңізді көргіңіз келсе, не көріп жатқаныңызды білгіңіз келсе, телефон қосымшасы сізге оған көмек бере алады. Ұялы телефонға арналған бұл қолданба пайдаланушылардың саналы түстер көру ықтималдығын арттырады, деп хабарлады science news сайты. 

Ұйықтар алдында қосымша пайдаланушыларға арнайы дыбысты, мысалы, бірқатар сигналдарды тыңдауды және осы сигналды ойлары мен денесін терең сезінуін байланыстырады. Алты сағаттан кейін қолданба осы дыбысты қайта шығарғанда, ол ұйықтап жатқан адамның өзін тану сезімін қайта оятып, оны түстің ортасында саналы түс көруіне ықпал етеді.
Мұндай сенсорлық сигналдар саналы түстерді шақыруы ұйқы зерттеулерінде тиімді әдіс екені дәлелденген. Әдетте зерттеуші біреудің ұйқысын бақылап, саналы түстер ықтимал болатын REM кезеңінде дыбыстарды ойнатады. Алайда жаңа эксперименттер үй жағдайындағы қосымша арқылы саналы түстерді шақыруға болатынын көрсетіп отыр, деп хабарлайды зерттеушілер Consciousness and Cognition журналы. Бұл тәсіл адамдарға саналы түстерді зерттеу немесе сананың табиғатын зерттеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Эванстондағы Солтүстік-Батыс университетінің зерттеушілері бұл қосымшаны жасап, сынақтан өткізді. Бір экспериментте 19 адам оны бір апта бойы күн сайын пайдаланды. Алдыңғы аптада бұл топ орташа есеппен 0,74 саналы түс көрген. Бағдарламаны пайдаланған аптада бұл көрсеткіш орташа 2,11 саналы түске дейін өсті.  «Бұл саналы түстер үшін үлкен өсім. Аптасына бір рет саналы түс көрудіі өзі біз үшін үлкен көрсеткіш», – дейді Солтүстік-Батыс университетінің когнитивті нейробиологы Карен Конколи.

«Дегенмен қосымшаның дыбыстық сигналдарының бұл өсімнің артуына нақты себеп болды деп айта алмаймыз. Мүмкін бір апта бойы саналы түстерге назар аудару немесе оны күту секілді басқа факторлар себеп болған шығар», – дейді Конколи. Сондықтан топ тағы бір экспериментті 112 адаммен өткізді.

Барлық қатысушылар бірінші түнде ұйқы кезінде саналы ойлауға итермелейтін дыбыстарды тыңдады. Бірақ екінші түні қолданба – пайдаланушыларға білдірмей – өзгертілді. Тек 40 адамға алғашқы жаттығу дыбыстары ойнатылды. Тағы 35 адам саналы ойлаумен байланысты емес дыбыстарды естіді. Соңғы 37 қатысушы ешқандай дыбыс естімеді.
Бірінші түнде қатысушылардың 17 пайызы саналы түс көргендерін хабарлады. Екінші түні жаттығу дыбыстарын естігендер саналы түстерді көру көрсеткішін сақтап қалды. Ал қалған екі топтың тек 5 пайызы саналы түс көрген, бұл шынайы дыбыстық сигналдардың қолданбаның тиімділігінде маңызды рөл атқаратынын меңзейді.

Назым МАЛИККЫЗЫ 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру