ӘлемБасты ақпаратБілімҒылыми мақалаларЖасанды интеллектИнновацияТехнология

Тышқан миы мен жасанды интеллектті қосу эксперименті: Ресей ғалымдарының жаңалығы

Ресейдің Neiry биотехнологиялық зертханасы мен МГУ ғалымдары бірлесіп, ерекше эксперименттің алғашқы нәтижелерін ұсынды: алғаш рет тышқан миын жасанды интеллектке (ЖИ) қосу жүзеге асырылды. Енді тышқан ЖИ арқылы кез келген сұраққа жауап бере алады.

Ең ақылды зертханалық тышқандар түрлі салалар бойынша – физика, тарих, математика және нейрофизиология сұрақтарына жауап беруге қабілетті. Бұл ерекше тышқанға «Пифия» деген ат қойылды. Оның миы жасанды интеллектке қосылғандықтан, интернеттегі кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады. Ғалымдар тышқанның миына инвазивті нейроинтерфейс енгізген. Нейроинтерфейс ми аймақтарын белгілі бір түрде ынталандырып, Пифияның қажетті жауаптарды алуына мүмкіндік береді. Бұл интерфейс арнайы дайындалған ЖИ көмегімен жұмыс істейді. Ғалымдар сұрақ қойған кезде, ЖИ Пифияға дұрыс жауапты миын электрлік стимуляция арқылы көрсетеді. Мысалы, «ия» немесе «жоқ»деген жауаптар денеде белгілі бір сезім ретінде беріледі, ал дұрыс жауап берген жағдайда, тышқан сыйақы алады.

Neiry және МГУ ғалымдары болашақ өнімді «Жасанды Интуиция» (ИИнтуиция) деп атады. Бұл арқылы тышқан ЖИ көмегімен сұрақтарға жауап бере алады. Ұзақ мерзімді болашақта бұл технологияны адамға да қолдану жоспарлануда. Зерттеу жетекшілерінің бірі, инвазивті нейроинтерфейстер зертханасының басшысы Василий Попков бұл эксперименттің маңыздылығын түсіндіре отырып, оның негізінен электродтар мен электрониканың сапасын тексеруге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар ол табиғи және жасанды интеллектті біріктіру концепциясын ұсынғысы келгенін айтты. Ал МГУ профессоры Михаил Лебедев бұл зерттеуді жаңа революция деп атады. Оның айтуынша, ЖИ мен адамның миы үйлесімде жұмыс істеп, ақпаратты есте сақтау және өңдеуде ЖИ-дің күші, ал шығармашылық, интуиция мен сананы пайдалану табиғи мидың міндеті болады. «Бұл тек бастамасы ғана, алда үлкен революция бар» , – деп түйіндеді ол.

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру