2024 жылдың 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Ғылыми әдептің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді. Еске сала кетсек, бұйрық 18 шілдеде құрылып, 1 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.
Қағидалар қоғамның ғылым мен технологияға деген сенімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ оның әлеуметтік прогресс пен тұрақты даму мүдделеріндегі рөлін арттырады. Қағидалар заңды және жеке тұлғалар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне қолданылады.
Ғылыми әдептің негізгі қағидаттары:
Шынайылық және адалдық;
Жауапты жоспарлау және зерттеу жүргізу;
Әділдік;
Объективтілік;
Кәсіпқойлық;
Құпиялылық;
Әлеуметтік дербестік;
Қоғаммен қарым-қатынас;
Заңнаманы сақтау;
Ғылыми әдеп саласындағы өзін-өзі жетілдіру;
Құжатты толығырақ Ашық НҚА сайтынан оқи аласыз.
Бұған қоса аккредиттелген ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми әдет стандарттары белгіленді.
НАЗЫМ Маликкызы