ӘлемБасты ақпаратБілімДенсаулықЖаңалықтар

КҮНІНЕ БЕС МИНУТ ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ ҚАН ҚЫСЫМЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ


Жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күнделікті өміріңізге аздап физикалық белсенділік қосудың, мысалы, тауға серуендеу немесе баспалдақпен көтерілу, қан қысымын төмендетуге көмектесуі мүмкін. Зерттеу Circulation журналында жарияланған ProPASS (Prospect Physical Activity, Sitting and Sleep) консорциумының сарапшыларымен, Сидней университеті және Лондон университеттік колледжі (UCL) жетекшілігімен жүргізілді.

Зерттеулерге сәйкес, күніне небәрі бес минут белсенділік қан қысымын төмендетуге ықпал етеді. Ал қозғалыссыз әрекеттерді күніне 20-27 минут жаттығулармен, оның ішінде тауға серуендеу, баспалдақпен көтерілу, жүгіру және велосипедпен жүру арқылы алмастыру да клиникалық маңызды артериялық қысымды төмендетуге әкеледі.

ProPASS консорциумының директоры, профессор Эммануэль Стаматакис: «Қан қысымының жоғары болуы әлемдегі ең үлкен денсаулық мәселелерінің бірі. Күніне бар болғаны бес минут қосымша жаттығу жасау артериялық қысым көрсеткіштерінің төмендеуі мүмкін деген тұжырымға келді. Қысқа бірақ қарқынды қозғалыс артериялық қысымды басқаруда қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», деді.

Гипертония немесе қан қысымының үнемі жоғары болуы, бүкіл әлемде мерзімінен бұрын өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Әлемде 1,28 миллиард ересек адамды қамтитын бұл жағдай инсульт, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек зақымдануы және басқа да көптеген денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін және оның белгілері байқалмағандықтан «үнсіз өлтіруші» деп аталады.

Жасанды интеллект арқылы жасалаған

Зерттеу тобы бес елде 14 761 еріктінің денсаулығы туралы мәліметтерді талдап, күн ішінде бір қозғалысты басқа қозғалыспен алмастыру қан қысымына қалай әсер ететінін зерттеді. Әрбір қатысушы күндізгі және түнгі уақытта белсенділігі мен қан қысымын өлшеу үшін жамбасына тағылатын акселерометрді пайдаланды. Күнделікті белсенділікті алты санатқа бөлді олар: ұйқы, қозғалыссыз әрекеттер (мысалы, отыру), баяу жүру, жылдам жүру, тік тұру және қарқынды жаттығулар, мысалы, жүгіру, велосипедпен жүру немесе баспалдақпен көтерілу. Топ әртүрлі қозғалыстардың бірін екіншісіне ауыстырғанда не болатынын статистикалық модельдеу арқылы әрбір сценарийдің қан қысымына әсерін бағалады. Ал қозғалыссыз әрекеттерді күніне 20-27 минут физикалық жаттығулармен алмастыру жүрек-қан тамырлары ауруларының популяция деңгейінде 28 пайызға төмендеуіне ықпал ете алады деген қорытынды жасады.

Зерттеу авторы, UCL хирургия және интервенциялық ғылым бөлімінің және спорт, физикалық жаттығулар және денсаулық институтының докторы Джо Блоджетт:

«Біздің нәтижелеріміз көптеген адамдар үшін физикалық жаттығулар қан қысымын төмендетуде кілтті рөл атқаратынын, ал баяу қозғалыс түрлері, мысалы, серуендеу, онша әсер етпейтінін көрсетеді. Сіздің физикалық қабілеттеріңізге қарамастан, қан қысымына оң әсер ету үшін көп уақыт қажет емес. Біздің зерттеудегі жаттығу түрлерінің ерекшелігі – олар күнделікті өмірде орындалатын жаттығуға ұқсас әрекеттерді қамтиды, мысалы, автобустан қашу немесе қысқа мерзімді велосипед жүру, мұның барлығы күнделікті өмірге оңай қосылуы мүмкін. Көп жаттығу жасамайтындар үшін де серуендеу қан қысымына оң әсер етеді. Бірақ егер сіз қан қысымын өзгерткіңіз келсе, жүрек-қан тамырлары жүйесіне жоғары жүктеме түсіретін физикалық жаттығулар ең үлкен әсер береді».

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру