ӘлемБасты ақпаратҒылым тарихыИнновацияМүмкіндікТехнология

Жасанды интеллект фильмдер мен сериалдардың сценарийлерін жазуға көмектеседі

Жасанды интеллект технологияларының дамуы кино және телевизия индустриясына жаңа мүмкіндіктер әкелуде. Бұл салада көптеген шығармашылық, бірақ сонымен қатар уақытты көп қажет ететін рутиналық жұмыстар бар. Мәскеу физика-техникалық институтының (МФТИ) студенттері осындай күрделі міндеттерді шешуге көмектесетін ерекше жасанды интеллект жүйесін жасап шығарды. Бұл жүйе сценарийлерді дайындау уақытын едәуір қысқартып, олардың дайындық процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Авторлардың айтуынша, ИИ-ассистент рутиналық міндеттердің біразын өз мойнына алып, сценаристердің уақытын үнемдейді. Бұл оларға шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі – оның идеялар генерациясынан бастап, дайын сценарийлерді өңдеуге дейінгі тапсырмаларды атқара алуы. ИИ жүйесі 40 минуттық эпизодтың мәтінін небары 20 минуттың ішінде жасап шығады. Бұл уақыттың қысқаруы әсіресе телесериалдар мен апта сайын жаңа эпизод шығаратын шоу бағдарламалар үшін маңызды, себебі сценаристер әрдайым қатаң мерзімдермен жұмыс істейді. Сонымен қатар ИИ жүйесі әртүрлі жанр мен стильде мәтіндерді құрастыруға икемделген: ол көркем новеллалар, телесериалдар, тіпті деректі фильмдер үшін де сапалы мәтіндер жасай алады.Жүйені жасаған команда өкілдерінің бірі Сергей Кунин-Богоявленскийдің айтуынша, басты кейіпкердің өмірбаянын жинақтау және оның негізгі оқиғаларын таңдау көп уақыт алмайды.

«Сапалы өмірбаян дайындау, кейіпкер жайлы ақпарат көздерін анықтау мен сұранысқа сәйкес келетін талаптарды таңдау әжептәуір уақыты талап етеді. Алайда, біздің жүйе бұл процесті жеделдетеді: орта есеппен бір кейіпкердің өмірбаянын табу және оның негізгі фактілерін айқындау үшін небары 5 минут жеткілікті», – дейді ол.

Дегенмен жасанды интеллект адамды толық алмастыра алмайды. ИИ жылдам жұмыс істегенімен, адаммен салыстырғанда шығармашылық тұрғыда шектеулі. Сценаристердің шығармашылық шеберлігі мен терең талдау жасау қабілеті әлі де маңызды рөл атқарады. Сондықтан жасанды интеллект сценаристерді алмастырады деу әлі ерте. Бұл технологияның артықшылығы — сценаристерге қолдау көрсету, олардың жұмысын жеңілдету және шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беру. Алдағы уақытта ИИ-дың жетілдірілуі мүмкін болғанымен, қазіргі уақытта ол көмекші құрал ретінде қолданылатын болады. Қысқаша айтқанда, кино және телевизия саласында жұмыс істейтін сценаристерге өз кәсібінен айырылып қалу қаупі жоқ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру