Басты ақпаратҒылым қорыҒылыми мақалаларЖаңалықтарИнновацияТехнология

БАТАРЕЯМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАРАТАҢЫТҚЫШ

Фотосурет: Rajaram Kaveti, Солтүстік Каролина мемлекеттік университеті сайтынан алынған

Қандайда бір жараның мүмкіндігінше тез жазылуы үшін онда инфекция болмауы керек. Бұл процестерді күшейтетін әртүрлі медициналық амалдар бар, олардың бірі – электр тогы: электр өрісінің жасушалардың бөлінуін және олардың көшуін ынталандыратыны, сондай-ақ оның бактериялардың өсуін тежейтіні белгілі. Бірақ электротерапия жараның жазылуын тездеткенімен, оны әрдайым қолдану ыңғайлы бола бермейді.

Осы тұста, Амай Бандодкар және оның Солтүстік Каролина штаты университетіндегі әріптестері Science Advances журналында үй жағдайында қолдануға болатын электробинтті халыққа көрсетті. Негізінде, бұл бинт емес, батарея мен электродтармен жабдықталған хирургиялық пластырь. Батарея ретінде хлоркүміс-магний элементі қолданылады. Мұндай элементтер сумен белсендіріледі, сондықтан пластырьді қосу үшін оны сулау керек. Бірақ мұнда ең маңыздысы, бәлкім, батарея емес, пластырьдің шетінен бастап ортасына дейін өтетін электр өрісінің сызықтарын қамтамасыз ететін электродтар. Бұл электродтар оңай бүгіледі, қозғалысты шектемейді, және жалпы мұндай пластырьді әртүрлі пішіндегі және тереңдіктегі жараларға қолдануға болады.

«Біздің мақсатымыз — созылмалы жарақаты бар науқастардың жазылуын тездететін, әлдеқайда арзан технологияны әзірлеу. Сондай-ақ, біз бұл технологияның үй жағдайында қолдануға жеткілікті қарапайым болуын, пациенттердің оны тек клиникалық жағдайларда ғана қолдана алатын нәрсе болмауын қадағалағымыз келді», — дейді жұмыс авторларының бірі және Солтүстік Каролина штаты университетінің электротехника және есептеу техникасы кафедрасының доценті Амай Бандодкар.

«Біз диабеттік тышқандардағы жаратаңғыштарын сынақтан өткіздік, олар адамның жарасын емдеудің кеңінен қолданылатын үлгісі», — дейді зерттеу авторларының бірі және Колумбия университетінің аспиранты Мэгги Якус.

 

«Біз құрылғының электрлік стимуляциясы жаралардың жабылу жылдамдығын тездетіп, жаңа қан тамырларының түзілуіне ықпал етіп, қабынуды азайтқанын анықтадық, бұл жаралардың жалпы жазылуының жақсарғанын көрсетеді».

«Бұған қоса біз үшін маңыздысы, бұл таңғыштардың төмен бағамен болуын қамтамасыз ету. Біз бір-екі долларды туралы айтып отырмыз», — деді Бандодкар NC State Universityге берген сұхбатында.

Электр өрісі бірнеше сағат бойы сақталады және диабеттік жаралар жағдайында олардың жазылуын электрсіз таңғыштарға қарағанда шамамен 30%-ға жылдамдатады. Әзірге электробинт тек тышқандарда сыналған, бірақ болашақ клиникалық сынақтарда оны адамдарға қолдануға кедергі келтіретін қандай да бір күтпеген қиындықтар болады деп күтуге негіз жоқ.

Назым МАЛИККЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру