Ақыл патшалығыӘлемБасты ақпаратҒылыми мақалаларЖаңалықтарЖасанды интеллектЖүзден жүйрік...ИнновацияМүмкіндікТехнология

Адамға ұқсас «Протоклон» гуманоид роботы желіні шулатты

Польшалық Clone Robotics стартапы әлемдегі алғашқы екі аяқты тірек-қозғалыс жүйесі бар андроид деп таныстырған Protoclone роботын жариялады. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оны таңданыспен қатар үреймен қабылдады.

Адам анатомиясына негізделген андроид қаңқа құрылымы мен бұлшықеттерін дәл имитациялайды. Әзірлеушілердің айтуынша, ол жүруге, сөйлеуге және тұрмыстық тапсырмаларды орындауға қабілетті. X желісінде 34 миллионнан астам қаралым жинаған вирус видеода роботтың төбеге ілініп, жасанды бұлшықеттер іске қосылған кезде денесі селкілдеп, бақылаусыз қозғалғаны көрсетіледі.

«Protoclone — бұл бет-әлпеті жоқ, анатомиялық тұрғыдан дәл жасалған синтетикалық адам. Ол 200-ден астам еркіндік дәрежесіне, 1000-нан астам жасанды миофибраға (бұлшықет талшықтарына) және 500 сенсорға ие», — деп хабарлады Clone Robotics.

Clone Robotics мәліметінше, Protoclone адамның бұлшық ет, қаңқа, қан тамыр және жүйке жүйелерінің жұмысын қайталайды. Оның 206 сүйегі, адам сүйегімен бірдей, полимерден жасалған және жасанды бұлшықеттермен байланыстырылған. Олар пневматикалық жүйе арқылы қозғалады, бірақ компания болашақта гидравликалық жүйеге көшуді жоспарлап отыр. Навигация төрт камера мен сенсорлық жүйе арқылы жүзеге асады.
Бұл андроид Clone Robotics жасаған алғашқы өнім емес. Бұған дейін компания робот қолын және адамға ұқсас кеуде торын әзірлеген. Толыққанды андроидтың алдын ала тапсырысы жыл соңында ашылады, алайда бағасы әзірге белгісіз.
Protoclone — жалғыз гуманоид робот емес. Мұндай технологиялар бүгінде бизнес пен қоғам назарын аударып отыр.
• Figure стартапы BMW зауытында адамға ұқсас роботтарын сынақтан өткізді.
• Техастық Apptronik компаниясы Mercedes-Benz зауыттарында жұмыс істейтін Apollo роботын әзірлеуде.
• Agility Robotics Digit роботын қоймаларда пайдалану үшін дайындап жатыр.

Гуманоид роботтардың дамуы қарқынды жүріп жатыр. Алайда қоғам бұл технологияларға дайын ба?

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру