Жаңалықтар

Астанада жас ғалымдар бас қосты

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының 2025 жылға бірінші кеңейтілген отырысы ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратында өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы, ҚР Ғылым және жоғарыбілім вице-министрі АХМЕД-ЗАКИ ДарханЖұмақанұлы және Президиум мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде бірнеше мәселелер қарастырылды:

1)Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жаңартылған құрамы таныстырылды.

2) Жас ғалымдар кеңесі Президиумы Төрағасы және орынбасары сайланды;

3) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер және толықтыруларға ұсыныстар жасалды.

1)Жас ғалымдар кеңесі Президиумның екінші құрамы 31 мүшеден тұрады, оның 18-і бұрын Кеңес Президиумының мүшелері болған. Осылайша, Ғылым академиясы президиум құрамының жартысына жуығын 50 % ротациялады. Сонымен қатар, Кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен бірнеше Ережелер бекітілді. Президиум мүшелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады. https://qazscience.gov.kz/council-of-young-scientists/presidium-council-young-scientists/

2)Кеңес төрағасы кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, Ұлттық құрылтай мүшесі, PhD ЖАБАГИН Максат Кизатович сайланды. Төрағаның ұсынысы бойынша бірауыздан төраға орынбасары Абай атындағы Қазақ ұлттықпедагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы сайланды.

3)«Ғылым және технологиялық саясаттуралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер және толықтырулар бойынша жасғалымдар тарапынан бірнеше ұсыныстар жасалды:

«Ғылым және технологиялық саясат» туралы заңға «Ғалым мәртебесін» бекіту, «Жасғалым» мағынасын айқындау;

Ғылымдағы академиялық еркіндік;

Академиялық адалдық және этика нормасы;

Ғалымдардың әлеуметтік, құқықтық статусы.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясына «Жоғары ғылыми ұйым» ерекше мәртебесін бекіту. Осы мақсатта Заңның11-бабына жоғары ғылыми ұйым тұрғысынан нақтылау ұсынылады;

Академия дербестігін (автономды) қамтамасыз ету. Осыған байланысты, Академияныелдегі бірден-бір тәуелсіз автономды (құқықтық, қаржылық) ұйым ретінде орнықтыру. Осы мақсаттаҰлттық ғылым академиясына қатыстыөкілеттіктерді өзгерте отырып, қолданыстағыЗаңдағы Ғылым және жоғары білім министрлігініңқұзыретін қайта қарау ұсынылады;

Академияны ғылыми қызметті басқаружүйесіне интеграциялау. Осы мақсатта Заңның 18-бабын толықтыру ұсынылады;

Академияны елдегі ғалымдар мен ғылымиқызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінбілдіру мен қорғаудың бірден-бір кепілгер ұйымыретінде бекіту;

ҚР ҰҒА толық мүшелерінің(академиктердің) бес жылдық ғылымибағдарламасын орындау үшін республикалықбюджеттен арнайы қаржы көзін енгізу;

Академия жанынан жұмыс істейтін арнайылауазымды тұлғағалымдар мен ғылымиқызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілді(Ғылыми омбудсмен) құру;

Заңға Ғылым бойынша Ұлттықбаяндаманы дайындауды ҚР Президентініңжанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясын бекітеотырып, ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға (ВНТК) ұсынуды енгізу;

Жас ғалымдар Кеңесі мүшелерін ғылымибағыттар бойынша ҚР Парламенті мәжілісі жұмыстоптарына тарту, Жас ғалымдардың ұсыныстарынПарламентте заң қабылдауда қолдану, ескеру.

Шара соңында ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаты, «Аманат» партиясы фракциясыныңжетекшісі Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы Жасғалымдардың ұсыныстарын қабылдап, Парламенттік сауал жолдайтындығын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру