Биыл Алматы қаласында «Тіл – татулық тірегі» жобасы жүргізілді. Тапсырыс беруші – қалалық Қоғамдық даму басқармасы, орындаушы – Social project management орталығы. Жоба тұтас болғанымен, оның аясындағы іс-шаралардың форматы әртүрлі. Соларға бір бірлеп тоқталып өтсек.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін жиналған көрнекі ақпаратты талдау үшін кәсіпкерлік нысандарға, атап айтқанда олардың атауындағы, маңдайшаларындағы, жарнамаларындағы, афишаларындағы, билбордтарындағы, мәзірлеріндегі мемлекеттік тілдегі грамматикалық және орфографиялық қателерді анықтау мәніне шолу жасалды. Жобаны іске асыру шеңберінде сыртқы/ішкі көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша қала бойынша кемінде 1500 нысанға мониторинг жүргізілді. Олардың тізімі жасалып, хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар оларға әдістемелік көмектер көрсетілді. Қазақстан Республикасының заңдары түсіндірілді.
Бұл жұмыстарды атқару мақсатында еріктілерден мониторинг топтар құрылып, оларға осы жұмыстарды қалай жүргізуді үйрету үшін семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Олар мониторнг жүргізу жұмыстары кезінде кәсіпкерлерге 3000 дана жадынама үлестірді.
Алматыдағы әр ауданда бір-бір кездесуден өтіп, ол жерде Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет қатысушыларға еліміздегі заңдардың кілтипан тұстарын түсіндірді.
Жоба аясында екі тақырыптық бейнеролик дайындалып, олар әлеуметтік желілерде ротацияланды. Бірінші бейнероликте тілдік тепе-теңдікті сақтаудың ережелері баяндалса, екінші бейнероликте әртүрлі ұлт өкілдері қазақ тіліне қатысты сөздер мен нақылдарды мемлекеттік тілді айтып өтті.
Атап өтетін жайт, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының бұл жобасы биыл бірінші рет жұмыс істеп жатқан жоқ. Осыдан екі жыл бұрын аталған жоба «Тілге құрмет – елге құрмет» деген атаумен жүзеге асырылған еді.