Жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Парламентке «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға алғаш рет «Жас ғалым» мәртебесін және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған басқа да нормаларды бекітуді ұсынады

2024 жылдың 22 ақпанында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Жас ғалымдар кеңесі құрылып, оның Президиумы бекітілді. Кеңес Академияның консультативтік-кеңесші органы, оның негізгі мақсаты жас ғалымдардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету, олардың кәсіби мансабына қолдау білдіру болып табылады.

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының 2025 жылға бірінші кеңейтілген отырысы осы жылдың 20 қаңтарында Астана қаласында «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратында өткізу жоспарлануда. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясының фракциясының жетекшісі БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі АХМЕД-ЗАКИ Дархан Жұмақанұлы және Президиум мүшелері қатысады.

Отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселе «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар болмақ. Жас ғалымдар кеңесі депутаттарға заң жобасына халықаралық ғылыми практика стандарттарына сәйкес келетін «жас ғалым» ұғымын енгізуді ұсынбақ. Бүгінде бұл ұғым ғылым туралы заңда және басқа да заңға тәуелді актілерде анықтаусыз қолданылады, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы конкурста, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке «Жас ғалым» жобасы шеңберінде зерттеулер жүргізуге 1000 грант бөлу жөніндегі тапсырмасында (жас ғалымдар) және жас ғалымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қызметіне тартуда қолданылады.

Кеңестің ұсыныстары ғылымды басқарудағы мәселелерді шешуге, мысалы, мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама жүргізу мерзімдерін жылдан жылға сақтамау және соның салдарынан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды уақтылы қаржыландырмау сияқты мәселелерді шешуге арналады.

Бұған қоса, Жас ғалымдар кеңесі заң жобасын ғылыми қауымдастық мүдделерінің тәуелсіз қорғаушысы ретінде әрекет ететін ғалымдар омбудсменінің өкілеттіктерімен толықтыруды ұсынады. Омбудсменнің негізгі міндеттері ғалымдардың құқықтарын қорғау, олардың кәсіби дамуына жәрдемдесу, ғылыми ортадағы дау-жанжалдарды қарастыру және шешу, сондай-ақ ғылымды басқару саласында ашықтық пен теңдікті қамтамасыз ету болуы тиіс.

Бұл өзгерістерді енгізу Қазақстандағы ғылымның құқықтық базасын нығайтып қана қоймай, бұл ғылым мен инновация саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келетін жас зерттеушілер ұрпағының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жас ғалымдар кеңесінің ұсыныстары, сонымен қатар, ғылымды басқарудағы мәселелерді шешуге бағытталады, мысалы, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жыл сайын уақтылы өткізудің сақталмауы және оның салдарынан ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың кешігуі сияқты проблемалар.

Отырыста жас ғалымдардың омбудсмені Хасенов Муслим Ханатұлының талдамалық баяндамасы ұсынылады. Жас ғалымдар кеңесі Президиуымының 50 пайызға жаңартылған жаңа құрамы таныстырылып, Кеңестің төрағасы және орынбасары сайланатын болады. Сонымен қатар, Кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен бірнеше Ережелер бекітіледі.

ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі Президиумының отырысы офлайн / онлайн форматта өтеді.

 

Өтетін күні: 2025 жылдың 20 қаңтары (дүйсенбі), сағат 15.00

Өтетін орны: Астана қаласы, «AMANAT» партиясы ғимараты, Д. Қонаев көшесі, 12/1.

 

Аккредиттеу үшін: Алиханов Қуантар Дәуленұлы (+7 775 943 0305 Whatsapp)

 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру