ӘлемБасты ақпаратБілімГалактикаҒажап-LiveҒалым мінберіҒылым қорыҒылым тарихыЖасанды интеллектЖүзден жүйрік...ИнновацияМүмкіндікТехнология

ҚҰНЫ ТӨМЕН БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН – ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ

Деректерді жоғары тығыздықта сақтауға арналған жаңа материалды тиімді және экологиялық тұрғыдан қайта өңдеуге және өшіруге болады. Бұл болашақта қатты дискілер, твердотелді жинақтағыштар және флэш-жадқа балама ретінде пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды Advanced Science ғылыми журналында.

Арзан полимер деректерді нанометрлік көлемдегі «ойықтар» түрінде сақтайды. Бұл технология дәстүрлі қатты дискілерге қарағанда деректерді көбірек сақтауға мүмкіндік береді. Flinders University Chalkker Lab жасаған жаңа полимер жылу толқыны арқылы бірнеше секунд ішінде деректерді жойып, қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бұл зерттеу зонд негізінде деректерді механикалық сақтау үшін қарапайым әрі жаңартылатын полисульфидтерді пайдалану мүмкіндігін көрсетеді. Ол төмен энергия тұтынатын, тығыздығы жоғары және тұрақты балама ұсынады», – дейді зерттеу авторы, ғылым кандидаты Эбигейл Манн.

Деректер сақтау саласындағы жаңа дәуір

Зерттеушілер арзан материалдар – күкірт пен диклопентадиенді пайдаланып, атомды-күштік микроскоп пен сканерлеуші зонд арқылы деректерді жазу және оқу әдісін ойлап тапты. Зерттеу жетекшісі, профессор Джастин Чалкер бұл жаңалықтың жаңа дәуір полимерлерінің өндіріс пен технология саласында үлкен өзгерістерге әкелетінін атап өтті:

«Үлкен деректер мен жасанды интеллект дәуірінде деректерді сақтау шешімдеріне сұраныс артып келеді. Біздің жаңа технология бұл қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді».

Қазіргі технологияның шектеулерін еңсеру

Қатты дискілер, твердотелді жинақтағыштар және флэш-жад сияқты дәстүрлі құрылғылар деректерді сақтау тығыздығы бойынша шектеулерге ие. Flinders University химиялық полимерлер зертханасы ұсынған әдіс сақтау тығыздығы бойынша дәстүрлі қатты дискілерден асып түсетінін көрсетті. Бұл әдіс деректерді бірнеше рет жазуға, оқуға және өшіруге мүмкіндік береді. Зерттеу IBM, LG Electronics және Intel сияқты ірі компаниялар бұрыннан қарастырған механикалық деректер сақтау концепциясын жетілдіруде маңызды қадам болып отыр.
Дегенмен қазіргі технологиялардың энергияны көп тұтынуы мен материалдың күрделілігі сияқты мәселелер оны коммерциялық пайдалануға кедергі келтірген болатын. Flinders University полимері осы кедергілерді жеңіп, жылу арқылы деректерді оңай өшіруге және қайта ұйымдастыруға мүмкіндік беретін физикалық және химиялық құрылымға ие.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл полимердің құны төмен әрі болашағы зор. «Күкірт пен диклопентадиен сияқты арзан материалдардың қолданылуы болашақта деректер сақтау саласындағы үлкен жетістіктерге әкелуі мүмкін», – дейді доктор Сэмюэл Тонкин.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру