Политехникалық колледжінің студенттерімен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Әке – асқар тау» жобасы аясында «Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні» тақырыбында аудармашы, жазушы Саят Қамшыгермен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде жазушы Саят Қамшыгер әке тәрбиесі, отбасы құндылығы мен ата-ананың отбасындағы рөлі туралы айта отырып, өзінің «Тастамашы, Ана!» атты аудармасынан үзіндіні баяндап берді. Кітабында ол кішкентайынан анасы мен әкесінен айырылған жетім балалардың тағдырын, өкініштері мен сағынышқа толы естеліктерін айта отырып, студенттерге қазірден әкелеріңді, аналарыңды құрметтеп, қадірлерің біліңдер деп кеңесін айта отырып, өзінің балаларын қалай тәрбиелеп жатқандығы жөнінде кеңесімен бөлісті.
- Мен әрдайым балаларыммен боулинг ойнап жүріп, әңгімелесемін. Бір жағынан боулинг ойнаймыз, бір жағынан әке мен бала арасындағы байланысты орнатамыз. Сендер де әкелерің бір жұмыс жасап жатса, брге көмектесіп істеңдер, ауыр зат көтерсе, «Әке, беріңіз көтерейін» деп әрдайым жанынан табылып көмектесіп жүріңдер, – дейді.
Кеш соңында студенттер отбасы құндылығына қатысты сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.